Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Туберкулез және оның алдын алу

  20.03.2023
Туберкулез және оның алдын алу

Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дәл осы күні 1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологы Роберт Кох Берлинде сөз сөйлеп, осы қауіпті аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериясының табылғанын жариялады, бұл осы ауруды диагностикалау мен емдеуде анағұрлым ілгерілеуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші соңғы 10 жылда 2,3 есе төмендеді. 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 81-ден астам адам ауру жұқтырғаны анықталса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 35,9-ға дейін төмендеді. Сырқаттанушылықтың азаюына қарамастан, туберкулез әлі күнге дейін әлемдік денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып отыр.

Туберкулез (лат. Tuberculum) – микобактериялардың әртүрлі түрлерінен, әдетте туберкулез микобактериясынан (яғни Кох таяқшасы) туындайтын әлемде көп таралған адам мен жануарлардың жұқпалы ауруы.

Туберкулез микобактериясының қоршаған ортадағы төзімділігі:

  • ылғал, қараңғы жерде 23 C температурада 7 жылға дейін;
  • қараңғы, құрғақ жерде (ауру жұқтырған адамның қақырығында немесе шаң-тозаңда) 10-12 айға дейін;
  • көшедегі шаң-тозаңда (яғни құрғақ, жарық жерде) 2 айға дейін;
  • кітап беттерінде 3 айға дейін;
  • суда 5 айға дейін;
  • топырақта 6 айға дейін;
  • шикі сүтте 2 аптаға дейін, май мен ірімшікте 1 жылға дейін сақталады.

Ультракүлгін сәулелер туберкулез микобактериясына зиянды әсер етеді, сондықтан тікелей күн сәулесі әсер еткенде, сондай-ақ қайнату кезінде олар 3-5 минут ішінде жойылады.

Туберкулездің дамуына ықпал ететін факторлар:

  • Ауру жасаған адаммен тұрмыстық байланыс
  • Қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар (ылғал, шаңды, желдетілмейтін жерлерде жиі болу)
  • Ұзақ уақыт темекі шегу
  • Шамадан тыс шаршау, дұрыс тамақтанбау, стресс
  • Созылмалы аурулар (өкпе аурулары, қант диабеті, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, алкоголизм, нашақорлық).
  • Иммунитет тапшылығы, оның ішінде АИТВ және ЖИТС.

Инфекция көзі:

  • Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам
  • Ауру жануарлар

Инфекция жолдары:

  • Ауа-тамшы жолымен (жөтелгенде, түшкіргенде, науқаспен сөйлескенде, құрамында микобактериялар бар шаң арқылы).
  • Тұрмыстық байланыс арқылы (зақымдалған тері және сілемейлі қабат арқылы)
  • Алиментарлы жолмен (ауру үй жануарынан алынған өнім арқылы), өте сирек кездеседі.

Негізгі белгілері:

  • Тез шаршау және жалпы әлсіздік пайда болуы.
  • Тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, салмақ тастау.
  • Қатты терлеу, әсіресе таңертең және негізінен дененің жоғарғы бөлігі терлеуі.
  • Аз ғана физикалық күш жұмсағанда ентігу.
  • Дене температурасының 37,2-37, 8°C дейін шамалы көтерілуі.
  • Ұзаққа созылған, емге көнбейтін жөтел немесе қақырықты жөтел (қан болуы ықтимал).

Алдын алу:

  • Бала туылғанда БЦЖ вакцинациясын салдыру / 7 және 14 жаста ревакцинация алу және химиопрофилактика.
  • Жыл сайын диспансерлік бақылану және ауруды ерте сатысында анықтау (жылына кемінде 1 рет флюорографиялық тексеруден өту)
  • Салауатты өмір салтын ұстану (дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, шынығу).
  • Жеке және қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау.

Аурухана серіктестері