Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Туберкулез емделеді!

  11.03.2022

Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған туберкулезге қарсы айлық басталды.

2022 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ РМК қатысуымен туберкулезбен күрес айлығының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнінің 2022 жылғы ұраны:

«Туберкулезбен күресуге инвестиция салыңыз. Өмірді сақтаңыз».

Міндет – жер шарының барлық тұрғындарына туберкулез проблемасы кез келген адамның басына келуі мүмкін екенін, сондықтан науқанның сәтті өтуі әр адамның жеке ұстанымына байланысты екенін үндеу. Жыл сайын профилактикалық тексеруден өтуді өзіңізден, өмір салтыңыздан бастау керек.

Айлық барысында фтизиатрлар түрлі кеңестер береді, ел тұрғындарына флюорографиялық тексерулер жүргізіледі. 2022 жылы мақсаттарға қол жеткізуге және елімізде туберкулез ауруын азайтуға әркім өз үлесін қоса алады. Профилактикалық шаралардың мақсаты – аурудың таралуын болдырмау және дені сау адамдардың ауру жұқтыруының алдын алу.

Маңыздысы: Аурудың алғашқы белгілерінде дереу дәрігерге хабарласу керек. Туберкулез емделеді!


Туберкулез-1.jpg


Аурухана серіктестері