Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ТЕҢІЗ ӨНІМДЕРІ АҒЗАҒА СОНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ МА?

  21.06.2019

Балық және теңіз өнімдері – пайдалы заттардың баға жетпес көзі, егер сіздің ас рационыңызда жаңа, сапалы және дұрыс дайындалған "теңіз сыйларынан" жасалған тағамдар болса, онда сіз бұдан тек пайда көресіз.

Өкінішке орай, балық және басқа да теңіз өнімдері жануарлардың қызыл еті мен құстың ақ еті секілді Қазақстандықтардың қарапайым ет рационына кірмейді. Теңіз өнімдері олардың көптеген қасиеттеріне қарамастан, біз үшін үйреншікті тамаққа жатпайды:  

Бұл пайдалы микроэлементтердің көзі – йод, фтор, кальций, магний, темір, мыс, мырыш, және В, Р, А секілді бір топ витаминдері.

Бұл аминқышқылдарының барлық түрлері (алмастырылатын және алмастырылмайтын), оның ішінде таурин – аминқышқылдары бар толыққанды ақуыз көздері).

Бұл омега3 қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіретін май қышқылдарының көздері ("нашар" холестеринді азайтып, "жақсысын" арттырады), осылайша қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануының, яғни инсульттар мен инфарктілердің алдын алуға ықпал етеді)

Олар жақсы сіңіріледі, ас қорыту процестерін жақсартады

Диеталық қасиеттері, салмақты қалпына келтіреді

Мидың танымдық функцияларын жақсартады

Теңіз өнімдерінің қадір-қасиетін ұзақ уақыт айтуға болады, бұлар ең маңыздылары, жаңа, сапалы және табиғи теңіз өнімдері болғанда оларды үнемі пайдалану қажет.

Теңіз өнімдерін пайдалану қаупі неде?

Теңіз өнімдері тез бұзылатын өнімдерге жатады және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, сондықтан олардың балғындығы өте маңызды. Олардың балғындығын сақтай отырып белгілі бір қашықтыққа тасымалдау өте қиын, бұл өнімдер мұздатылады, сирек кезде тұздалады, немесе маринадталады.

Дұрыс мұздату, шын мәнінде, теңіз өнімдерінің барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды. Бірақ мұздатылған өнімдер де, егер оларды мүлдем жаңа түрінде мұздатпаған жағдайда, немесе оларды мұздатқан кезде ақаулар болғанда, көзбен бағалауға қиын, сондықтан біз мұздатылған өнімдерде 100% сенімді бола алмаймыз.

Теңіз өнімдерін шикі күйінде пайдалану қаупі ретінде паразиттер, бактериялар, вирустар және т.б. болуы мүмкін, бұл тиісті термалық өңдеуді қажет етеді.

Теңіз өнімдерінің тағы бір "жетіспеушілігі", егер су айдыны осы заттармен ластанған болса, сынапты, ауыр металдардың тұздарын жинауы мүмкін.

Мысалы, мидиялар мен устрицалар ішінде уытты заттарды, ауыр металдардың тұздары мен микроорганизмдерді ұстап тұрып, суды сүзу қасиетіне ие. Сондықтан оларды тұтынушының үстеліне жібермес бұрын, өндіруші оларды таза суда ұстауы тиіс. Бірақ тағы да, ешкім бұған кепілдік бермейді және өндірушілердің адалдығына үміттенуге тура келеді.

 

Теңіз өнімдерін таңдауда неге көңіл аудару қажет?

Қаптаманың таңбалануын, оның қапталуын, тұтастығын мұқият зерттеңіз.

Тексерілген өндірушілердің фирмалық қаптамассы бар өнімдерге артықшылық берген жөн, ол мөлдір болуы керек, бұл ішіндегіні көруге мүмкіндік береді.

Мұздатылған теңіз өнімдерінде мұз қабы қаптаманың салмағының 7% артық болмауы тиіс.

Теңіз өнімдерінің қоспасын алмаған дұрыс, қаптама ішінде не барына сенімділік болмаса.

Теңіз өнімдерінің сыртқы түріне назар аударыңыз, мысалы, егер асшаяндардың бастары қара болса, онда олар ұзақ уақыт бойы мұздатылмаған және бұзылған болуы мүмкін.

Өлшемдерге назар аударыңыз, ұсақтауларын таңдаған жөн.

Баға – маңызды аспект. Табиғи теңіз өнімдері арзан бола алмайды!

Тағы бірнеше кеңестер

Теңіз өнімдерін суық суда еріту қажет, осылайша құрамында сынап және басқа металдардың тұздарын азайтуға болады

Суды ағызып, тағы бір рет жуыңыз

Теңіз өнімдерін мұқият термалық өңдеуден өткізу, оларды шикідей тұтынудан аулақ болу өте маңызды

Ересек адамға аптасына 400 гр. аспайтын мөлшерде түрлі теңіз өнімдерін жеуге ұсынылады

Жүкті әйелдерге теңіз өнімдері өте маңызды – олар аптасына кемінде 360 гр. қолданған жөн.

3 жасқа дейінгі балаларға қандай да бір теңіз өнімдерін бермеген дұрыс, ал бұдан үлкендеулерге балық филесін қолданған жөн.


Аурухана серіктестері