«СӨЗДЕН ІСКЕ/WALK THE TALK» КЕҢ АУҚЫМДЫ АКЦИЯСЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-ші сессиясы қарсаңында ағымдағы жылдың 17 мамырында елордада «Cөзден іске/Walk the talk» атты кең ауқымды акциясының өткізілуі жоспарлануда
Іс-шараның мақсаты денсаулық құндылықтарын дәріптеу, қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру, денсаулықты нығайту мақсатында Жаһандық қозғалысты қолдау, өмір бойы дене белсенділігінің тиісті деңгейін қолдау болып табылады.
Бағдарламада: 3 және 5 шақырым қашықтыққа жүгіру, немесе скандинавия жүрісін қоса алғанда жаяу жүру.
Өтетін орны мен уақыты:
Нұр-Сұлтан қаласының ботаникалық бағы, Қабанбай батыр даңғылының периметрі, Түркістан көшесі, № 24 және 26 көшелері.
Сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Барлық тілек білдірушілерді акцияға қатысуға және денсаулық үшін пайдалы уақыт өткізуге шақырамыз!