Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Семей Медицина Университеті» кеақ студенттерімен ауру профилактикасындағы тамақтанудың рөлі талқыланды

  31.05.2022
«Семей Медицина Университеті» кеақ студенттерімен ауру профилактикасындағы тамақтанудың рөлі талқыланды

2022 жылғы 27 мамырда ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскер дәрігері Гүлнар Тұрдынова арасында онлайн кездесу өтті.  

Іс-шараның мақсаты: медицина университеті студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауру профилактикасының негізі ретінде дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.

Студенттердің назарына «Дұрыс тамақтану – ауру профилактикасының негізі» тақырыбында презентация ұсынылды. Мәселенің өзектілігіне тоқтала отырып,  дәріскер  ДДҰ тапсырысымен Фридрих Шиллер атындағы  Йена университетінің ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім-жітім деңгейі жоғары 10 елдің қатарына кіргенін атап өтті. Бүгінгі күні жұқпалы емес аурулар (ҚЖА, қантты диабет, онкологиялық және респираторлық аурулар) –денсаулық сақтаудың ең үлкен проблемаларының бірі болып отыр.

Презентация барысында студенттерге CINDI халықаралық бағдарламасының сарапшылары қарастырған дұрыс тамақтанудың 10 қадамы ұсынылды. Студенттер талқылау барысында сұрақтар қойып, белсенді қатысты.

Кері байланыс кездесудің нәтижелі өткенін көрсетті. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері дәріскерге алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастықтан үмітті екендігін жеткізді.




Аурухана серіктестері