Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«САУ БОЛУҒА ДАҒДЫЛАНАМЫЗ!»

  05.02.2020

5 ақпанда СӨСҚО-да онколог Елена Юрьевна Рахимжанова Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күніне орай, Денсаулық мектебінде «Сау болуға дағдыланамыз!" тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: қатысушыларды онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте анықтау шаралары туралы хабардар ету, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті арттыру. 

Дәріскер өз презентациясында ДДСҰ мәліметтері бойынша, әрбір бесінші ер адам және әрбір алтыншы әйел 2018 жылғы аурушаңдық көрсеткішіне сәйкес, өмірінің белгілі бір кезеңінде обыр ауруына шалдығытындығы туралы ақпарат берлі. Алайда, обырдың кейбір түрлері артқа шегініп, ал медицинадағы жетістіктер онкологиялық аурулармен ауыратын көптеген адамдардың өмірін ұзартуға мүмкіндік беріп отыр.

Презентация барысында, ісіктің орналасуын визуалды көрсету (төменгі ерін, тіл, тері обыры, оның ішінде тері меланомасы, ауыз қуысы, қалқанша безі, сүт безі, жатыр мойны, қуық асты безі) мектеп тыңдаушыларын  немқұрайлы қалдырмады.

Қатысушыларды онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи/жаңа әдістері, атап айтқанда, Мичиган технологиялық университетінің химия профессоры Хайинь Лю ұсынған: жаңа гендік және CAR-T терапия; жаңа буынды секвенирлеу (NGS) әдісімен FMI кешенді геномдық профилдеу және т.б. қызықтырды.

Профилактикаға (обырға қарсы күресте сізге көмектесетін 10 қадам), кешенді профилактикалық медициналық тексерулерден және скринингтік тексерулерден уақтылы өтуге ерекше назар аударылды.

Главное фото информации!.jpg
IMG_1983-05-02-20-03-05.JPG
FullSizeRender-05-02-20-03-05-4.jpg
FullSizeRender-05-02-20-03-05-2.jpg
FullSizeRender-05-02-20-03-05.jpg


Аурухана серіктестері