Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауру профилактикасының өзекті мәселелері

  31.03.2022

ҚР ПІБ МОА БМСК 1 және 2 бөлімшелерінің медициналық персоналы мен СӨСҚО мамандары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауру профилактикасының өзекті мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтаудың профилактикалық бағытындағы басты рөл – қымбат араласуды қажет ететін, өмір сүру сапасын төмендететін, мүгедектік пен өлім-жітімге әкелетін аурулардың алдын алуға бағытталған БМСК бөлімшелеріне тиесілі.

Пациенттердің және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті дамыту мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру – медициналық персоналдың профилактикалық жұмыс міндеттерінің бірі.

Ағымдағы жылдың 30 наурызында СӨСҚО қызметкерлері БМСК      1 және 2 бөлімшелерінің медициналық персоналына контингент арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша профилактикалық оқыту өткізді.

Іс-шараның мақсаты: аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салты дағдыларын дамыту бойынша медициналық персоналдың хабардарлығын арттыру.

Кездесу барысында СӨСҚО басшысы М.Қ. Құрманов пациенттер денсаулығының  10 негізгі  көрсеткіші берілген «Салауатты сандарға жет!» профилактикалық бағдарламасын талқылауға  ұсынды. Әдіскер дәрігер  Г.Қ.Тұрдынова СӨСҚО денсаулық мектептерінің жұмысы туралы мәліметпен бөлісті.

Іс-шараға 32 адам, оның ішінде БМСК 1 және 2 бөлімшелерінің басшылары қатысты.


На картинку информации!.jpg

IMG_3434-31-03-22-09-37.jpg

IMG_3437-31-03-22-09-37.jpg

IMG_3438-31-03-22-09-37.jpg

IMG_3442-31-03-22-09-37 копия.jpg


Аурухана серіктестері