Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚЫЗЫЛША МЕН ҚЫЗАМЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОСЫМША ИММУНИЗАЦИЯЛАУ

  11.09.2019

Қызылша әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі, жұққыштығы 90% құрайды, яғни әр науқас байланыста болған 10 адамның 9-ын жұқтырады. Тарату жолы - ауа-тамшы.

 

Инкубациялық кезеңі 8-14 күн (өте сирек 17 күнге дейін болады).

Инфекцияның көзі – қызылшаның кез келген түрімен ауыратын науқас, инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен (соңғы 4 күн) бөрітудің 4-күніне дейін айналасындағылар үшін жұқпалы.

Бөрітпенің 5-күнінен бастап науқас жұқпалы болып есептелмейді.

Қызылшаға қарсы жаппай вакцинация егілгенге дейін, ол көбінесе екі жастан бес жасқа дейінгі балалар ауырған, анағұрлым сирек — балалар жасындағы осы аурумен ауырмаған ересектер ауырған.

 

Ересектердегі қызылша – бұрын қызылшамен ауырмаған, әдетте қызылшаға қарсы вакцинация жасалмаған жастарда кездеседі. Бұл жастар қиын, жиі тамыр пневмониясы және бактериялық асқынулармен қатар жүреді.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2017

2018

2019

2 жағдай (қызылшаға қарсы екпе егілмегендер)

Алматы қ.

576 жағдай (488 немесе 84,7 % жасы бойынша қызылшаға қарсы екпе егілмегендер)

Атырау, БҚО, Қостанай, Қызылорда облыстарынан басқа өңірлердің бәрінде 

6186 жағдай

Қазақстанның барлық өңірлерінде 

Тіркелген континенттің арасында  қызылшамен ауырған 11 жағдай тіркелді (5 жағдай – МҚ, 6 жағдай – отбасы мүшелері), оның ішінде (2 жағдай – 20-29 жас; 6 жағдай – 30-39 жас; 2 жағдай – 40-49 жас; 1 жағдай – 50-69 жас)

20-дан 29-жасқа дейінгі, ұйымдастырушылығына қарамастан және келесі жағдайлардан басқалары ҚИ  жатқызылады:

- Қызылша, қызамықпен ауырған тұлғалар – зертханада расталған жағдайлар;

- Қызылша, қызамықпен ауырған тұлғалар – зертханада расталған жағдайлармен байланысты эпидемиологиялық жағдайлар;

- Мұндай екпеге қарсы тұрақты көрсеткіштері бар тұлғалар

 

Қызылшаға қарсы вакцинация жасауға қарсы көрсеткіштер:

- Тұрақты иммун тапшылығы жағдайы (АИТВ);

- Қатерлі ісік (қан аурулары);

- Айқын анемия және қанның басқа да ауыр аурулары;

- Кортикостероидтарды немесе сәулелі терапияны ұзақ уақыт қабылдаған тұлғаларға;

- Жұмыртқаның ағына, аминогликозид, неомицин және вакцинаны өндіру кезінде қолданылатын басқа да антибиотиктерге қарсы анафилаксиялық реакциялары;

- Жүктілік;

- Емізу;

- Алдыңғы вакцинаны енгізгеннен кейін 48 сағат ішінде дамыған күшті реакция (Дене температурасының Т 40С дейін көтерілуі, құрысқақ, гипотониялық синдром)


Уақытша қарсы көрсеткіштері

- ОЖЖ жіті аурулары (менингит, энцефалит);

- жіті гломерулонефрит, нефроздық синдром;

- Ауырлық деңгейінен тәуелсіз жіті инфекциялық аурулар;

- Т-дан тәуелсіз ауырлық деңгейі орташа және ауыр жіті инфекциялық емес аурулар;

- Үдемелі созылмалы ауыруға шалдыққан науқастар;

- Созылмалы аурулары асқынған науқастарға ремиссия кезеңінде екпе егіледі;

- Иммуноглобулин немесе қан препараттарын егу.

 

Егуден кейін әлсіздік, гиперемия және вакцина егілген жерде болмашы ауыруымен байқалатын әлсіз реакция пайда болуы мүмкін. 

 

Қызылша мен қызамыққа қарсы вакциналар аз реакция бергіш, сол себепті реакция өте сирек береді. Олар көбінесе вакцинациядан кейін 5-12 күн өткеннен кейін аурудың жеңіл нұсқасы сияқты синдроммен байқалады: дене температурасының аздап көтерілуі,  ұсақ дақ-папулезді бөртпелердің қысқа мерзімді шығуы. Артралгия, артрит, парестезия, аяқ және қол ауыруы өте сирек кездеседі.

Барлық осы құбылыстар вакцинаның әлсіреген тірі вирустарын енгізуге қалыпты егу реакциясы болып саналады және 1-2 күн ішінде өтеді.



Аурухана серіктестері