Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қызылша

  29.08.2019
Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, жөтел, мұрын сияқты талаураған құбылыстармен, тамақтың ауыруымен және бөртпемен сипатталатын табиғаты вирустық жіті жұқпалы ауру.
Қызылшаның белгілері:

Негізгі белгілері: басынан бастап таралатын, дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін бүкіл денеге бөртпелер шығуы; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қосымша ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Вакцинациялау үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы компонентпен біріктіріледі. Елде ККП жеткілікті көлемі бар.

Халыққа ұсынымдар: - ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация жасалмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
- түрлі себептермен қызылшаға қарсы егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;
- талаураған құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде дәрігерге барып, қызылша ауруына тексеруден өтіп, оның барлық нұсқауларын орындау қажет.

812b1f9604be88330056377f07470bd81.jpg


Аурухана серіктестері