Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қыста дене шынықтыру жаттығуларын қалай орындау керек?

  16.01.2020
Таза ауада орындалатын дене шынықтыру жаттығулары жылдың кез келген мезгілінде де өте пайдалы. Кейбір адамдар қыстағы дене белсенділігі жылы бөлмеде орындалған таңғы және фитнес-орталықтарында орындалатын жаттығулармен шектелуі тиіс деп санайды.

Күннің суытуына қарамастан, сыртта орындалатын жаттығулар пайдалы:
олар иммунитетті нығайтуға көмектеседі,
ұйқы мен көңіл-күйді жақсартады,
майлар тез «жанады».

Оңай ережелерді ұстана отырып, Сіз қыста далада орындалатын жаттығуларды қауіпсіз ете аласыз.
жаттығуды жоспарлау кезінде, ауа-райы болжамын (ауа температурасы мен ылғалдылығы, желдің күші) қараңыз. Жел жоқ күні далада жаттығу үшін ұсынылатын ең төменгі температура – -15-18° С. Қатты жел кезінде және ылғалдылық 90% жоғары болған кезде де, қоршаған ауаның температурасы минус 10° С төмен болмауы тиіс;
жаттығу барысындағы жаттығулар тәртібін ойластырыңыз. Қыста жаттығуды жеңіл жүруден, сосын біртіндеп жүгіруден бастау керек, сондай-ақ иық белдеуінің бұлшықеттерін жылытуға арналған бірнеше жаттығу жасау керек. Егер бірден жүгіруден бастап кетсеңіз, жоғарғы тыныс алу жолдарының қатты салқындауынан туындайтын респираторлық аурулардың қаупін арттырасыз;
үзіліс кезінде де белсенділікті сақтау қажет (жаттығулар арасындағы үзілістерде де қозғалу керек);
жаттығудың басында сабақтың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Егер жаттығулар жүйелі түрде өткізілсе, онда оның ұзақтығын 1,5 сағатқа дейін жеткізуге болады.
қыста далада шынығу үшін жылы, бірақ жеңіл, қозғалысты шектемейтін, термо реттеу қасиеті бар киім кию керек.

Далада жаттығуға арналған негізгі ұсыныстар – тұрақтылық, біртіндеушілік және жүктеменің дұрыс таңдалуы (өзіне артық жүктеме түсірмей) болып табылады. Жіті аурулар мен жоғары температурадан басқа, таза ауада жаттығуға қарсы көрсеткіштер жоқ.

Аурухана серіктестері