ҚР ПІБ МОА ТІРКЕЛГЕН КОНТИНГЕНТ ҮШІН COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ БАСТАЛУДА
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР ПІБ МО ауруханасында 2021 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Спутник V (Гам-Ковид-Вак) векторлық вакцинамен екпенің толық курсын аяқтаған адамдарға екінші компонент алғаннан 9 ай өткеннен кейін ревакцинация науқаны басталады.
«Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «15» қарашадағы № 49 қаулысына сәйкес 2021 ж. 22 қарашасынан бастап ревакцинация науқаны басталуда.
РЕВАКЦИНАЦИЯ - вакцина алғаннан кейін қалыптасқан иммундық жауапты күшейтуге бағытталған емшара/қайтадан вакцина алу
ҚР ДСМ жанындағы иммундауды бақылау комиссиясы халықаралық дереккөздерді, басқа елдердің тәжірибесін зерделей келе, айқас вакцина жасауды ұсынды.
Сіздерді ревакцинация алуға шақырамыз