ҚР ПІБ МО-да АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖАЛҒАСУДА
Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде СӨСҚО басшысы М.К. Құрманов және Орталықтың қызметкерлері Аурухананың медициналық қызметкерлерін АББ-ның өзекті мәселелері бойынша оқытуды жалғастырылып жатыр.
Ағымдағы жылдың 27-30 мамыр аралығында емхананың мейірбикелерімен (21 адам), 3 маусым күні №2 бөлімшенің медициналық қызметкерлерімен (9 адам) сабақтар өткізілді.
Сабақтардың барысында 5 нозология бойынша (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), инфомедтегі пациенттің картасын толтыру кезіндегі қателерді түзету бойынша, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу және АББ-ның т.б. өзекті мәселелері бойынша ауруларды басқару бағдарламаларын жүргізу сапасының негізгі индикаторларына мониторинг жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.