Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ББҒМ-де АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ДӘРІСТЕРІ

  16.03.2019

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және мемлекеттік қызметкерлер үшін аурулардың алдын алу бойынша "Салауатты сандарға қол жеткіз!" Бағдарламалары шеңберінде 2019 жылғы 15 наурызда "ҚР ПІБ МОА" РМК СӨСҚО-ның қызметкерлері ҚР Білім беру және ғылым министрлігінде ақпараттық-білім беру дәрістерін өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты: тыңдаушылардың арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті арттыру.

 

Министрлік қызметкерлерінің назарына, СӨСҚО басшысы М.К. Құрманов Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған (24 наурыз) "Туберкулез туралы не білу қажет?" тақырыбы бойынша презентациясын ұсынды. Презентацияның негізгі сауалдары: Туберкулез деген не? Туберкулез қалай жұғады? Туберкулезді қалай анықтауға болады? Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар. Алдын алу шаралары.

 

Дәрігер-әдіскер Г.К. Турдунова "Дұрыс тамақтану – аурулар профилактикасының негізі" тақырыбындағы презентациямен сөз сөйледі. Талқыланған мәселелер: Қазіргі адамның тамақтану мәселелері. Созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына ықпал ететін тамақтану факторлары (ҚЖА, семіздік, 2 типті қант диабеті, онкологиялық аурулар және т.б.). Салауатты тамақтануға 10 қадам.

 

 

Соңында барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (буклеттер, жадынамалар) таратылды: "Туберкулездің алдын алу", "Жөтел этикеті", "Дұрыс тамақтану - аурулардың алдын алу негізі", "Салауатты сандарға қол жеткіз!", Скринингке шақыру.

 

ҚР БҒМ-нің 118 қызметкері қатысты.



Аурухана серіктестері