Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

  11.02.2020

Тіркелген контингент арасындағы мемлекеттік қызметшілер үшін саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша «САЛАМАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» Бағдарламасын іске асыру аясында, ҚР ПІБ МОА  Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері 2020 жылғы 7 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Онкологиялық ауруларға қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: онкологиялық аурулар туралы контингенттің хабардарлығын арттыру, тәуекел факторларының бірі ретінде темекі шегудің алдын алуға, ерте анықтауға және бас тартуға назар аудару.

Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптар бойынша дәрістер қарастырылған: «Тәуелділікті жеңу! Темекі шегудің зияны туралы», баяндамашы – Г.Б. Саканова, ҚР ПІБ МОА СӨСҚО дәрігер-әдіскері. «Дұрыс тамақтану – онкологиялық аурулардың алдын алудың маңызды факторы», дәріскер - Г.К. Турдунова, СӨСҚО дәрігер-әдіскері.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары/ буклеттер: «қуықасты безі обыры туралы не білу керек?», «Қозғалыссыз өмір салты», «Тоқта! Темекі шекпе!», «Темекі шегу туралы фактілер», «Біздің қолымыздан келеді». Қатысушылардың саны 46 адамды құрады.


7A0A3110.JPG
7A0A3119.JPG
7A0A3190.JPG
7A0A3197.JPG


Аурухана серіктестері