Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАМЫРЫ ҚАЙДА ЖАТЫР?

  16.07.2019
Түрлі елдердің ғалымдары жүргізген көптеген ғылыми зерттеулер «ересек ауруларды» және бірінші кезекте семіздік пен қанайналым жүйесі ауруларының (ҚЖА) дамуының алғышарттары ерте балалық шақта қалыптасатынын дәлелдейді. Осылайша, отбасында бала кезінен бастап қалыптасатын тағамдық қалаулар / әдеттерді ересек кезінде өзгерісту өте қиынға ұшырайды.

Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдердің сүйікті тамағы саламатты тағам болуы керек.

Қазақ тамақтану академиясы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, мектеп жасындағы қазақстандық балаларда тағамдық бұзушылықтардың ең көп таралған нысандары:

0a2498a277bee540384bd2327d82063a.jpg

Балалар мен жасөспірімдердің мұндай тамақтануы, оның үстіне физикалық белсенділігінің төмендігі салдарынан қазіргі уақытта артық дене салмағының, семіздіктің және басқа да көптеген аурулардың себебі болып келеді, сонымен қатар болашақта оларда қанайналымы жүйесінің аурулары, семіздік, қантты диабет және т. б. аурулардың дамуын анықтайды. 

БАЛАҒА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУ ҚАЖЕТ?

Мектепке дейінгі жастағы балалар көбінесе ата-аналарының ұсынысына сәйкес тамақтанады, егер олар балабақшаға баратын ұйымдастырылған балалар болса, онда балалар мекемесінің мәзіріне сәйкес тамақтанады.

✔ Мұнда ересектер балалардың тамақтануы олардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс екенін есте сақтауы қажет. Сонымен, балалардың тағамдық заттарға деген қажеттілігінің бір бөлігін сүтті және қышқыл сүт өнімдері қанағаттандырады, олар тек пайдалы нәруыздар, майлар мен витаминдер ғана емес, сонымен қатар сүйектерді қалыптастыру, өсіру және нығайту үшін қажетті кальций негізгі көзі болып табылады.

✔ Балаға етті ұсына отырып, оның құрамында баланың тез өсуіне және күшті болуына көмектесетін нәруыздың көп екенін, ал балықтың құрамында оның ақылды болып өсуіне себеп болатын йод бар екенін түсіндіру және қызықтыру керек.

✔ Көкөністер мен жемістер балалар рационында мол болуы керек, өйткені олар сіздің балаңыздың денсаулығы үшін қажетті дәрумендер мен минералдарға бай.

✔ Балаңызға аула сыпырғыш сияқты, ботқаның ағзаны тазалайтын талшығы бар екенін түсіндіруге тырысыңыз.

✔ Сіздің жеке мысалыңыз балаңыздың да дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сіздің рационыңыз пайдалы өнімдерден тұратын болсын: буда жасалған немесе бұқтырылған көкөністер мен ет, балық, сорпа, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері мен жарма.


Есіңізде болсын! Мектеп жасына дейінгі бала үшін басты үлгі тұтар ата-аналар болып табылады. Балалар кез келген ақпаратты жақсы қабылдайды, сондықтан балаларға олардың бойының, ақыл-ойының өсетіндігі, спортта жетістіктерге жететіндіктерін айта отырып, саламатты тамақтану туралы жиірек түсіндіру қажет.

✔ Адамның тағамдық талғамының негізгі бөлігі мектеп жасында қалыптасады. Ата-аналар талғамдарын дұрыс тамақтану жағына бағыттауы керек.

✔ Жасөспірімдік шақта зат алмасу өте қарқынды жүретіндігі белгілі, осыған байланысты олар жақсы және жиі тамақтануы керек.

✔ Балаға мектепте ыстық тамақты ішудің маңыздылығы туралы айту маңызды.

✔ Дұрыс аралық тағам ретінде балаға алма немесе банан, шоколадтың орнына дәнді батончик, газдалған сусындардың орнына шырын салып берген жөн.

Өзіңіз міндетті түрде таңғы ас ішіңіз және балаңызды да дағдыландырыңыз!

✔ Балаңыздың салмағын қатаң бақылауда ұстаңыз, балалардың семіздігі ересектердегі семіздік пен ҚЖА болжамдық факторы болып табылатындығын есте сақтаңыз.

✔ Артық дене салмағы және семіздікке бейімділік факторларының бірі халықтың саламатты өмір салты, саламатты тамақтану туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен болады.

Сондықтан да, саламатты өмір салты туралы көп ақпарат оқыңыз және алыңыз және көптеген аурулардың, соның ішінде ересек адамдардың ҚЖА бастаулары балалар мен жасөспірім шақта екенін есте сақтаңыз.

СӨСҚО дәрігер-әдіскері Г.К. Турдунова



Аурухана серіктестері