Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Организмдегі магний тапшылығы

  29.12.2022
Организмдегі магний тапшылығы

Соңғы жылдары әртүрлі аурулар симптомдарының өршуінде макро және микроэлементтердің жеткіліксіздігіне үлкен мән берілуде. Адамның тағамы әртүрлі компоненттердің көп мөлшерін қамтуы керек.

Бұл құрамына ақуыз, көмірсулар, майлар кіретін макроэлементтер және дәрумендер мен минералдарды қамтитын микроэлементтер. Кез келген элементтің жетіспеуі тапшылық жағдайына және аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Маңызды макроэлементтердің бірі – магний.

Магний организмде синтезделмейді, магнийді тек тамақпен қабылдай аламыз.

Әйелдер үшін магнийге қалыпты тәуліктік қажеттілік 300-350 мг, ер адамдар үшін – 400-450 мг.

Макроэлементтердің жеткілікті деңгейі жүйке жүйесінің қалыпты жұмысына, сүйек-бұлшықет жүйесінің жақсы дамуына және энергия алмасуға әсер етеді. Ол жүректің толық жұмыс істеуі үшін өте маңызды, қантамырлардың кеңеюі үшін қажет, сондықтан магний тапшылығы кезінде қан қысымы төмендейді, иммундық жүйе толық жұмыс істей алмайды.

Магний тапшылығының себебі болуы мүмкін:

  • созылмалы стресс
  • спорттық жүктемелер
  • дұрыс тамақтанбау
  • жіңішке ішек сіңіруінің бұзылуы (асқазан-ішек жолдарының аурулары),
  • жүктілік және лактация (бала емізу)
  • тағамда кальцийдің артық болуы
  • алкоголизм

Мынадай аурулардың өршуіндегі магний тапшылығының рөлі дәлелденді: эндокриндік (қантты диабет, қалқанша безі), жүрек-қантамыр (артериялық гипертензия, аритмия, жүректің ишемиялық ауруы), психоневрологиялық (депрессия, есте сақтаудың бұзылуы, құрысқақ синдромы, бас айналу, бас сақинасы) аурулар.

Мынадай симптомдарға назар аударған жөн:

  • қатты мазасыздық пен тітіркенгіштік
  • аяқ құрысуы, көздің «тартылуы».
  • бұлшықет ауыруы, бас ауруы
  • паникалық атака
  • ұйқысыздық және ұйқының басқа да бұзылулары
  • жүрек соғуының жиілеуі, қан қысымының тұрақсыздығы

Созылмалы аурулары бар адамдар және осы макроэлементтердің төмендеуіне Әкелетін дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрген адамдар қан құрамындағы магнийдің деңгейін үнемі бақылап отыру керек. Мұндай препараттарға протонды помпа блокаторлары («Омепразол», «Пантопразол»), бұл «Фенотерол», «Сальбутамол», «Теофиллин», диуретиктер және химиотерапиялық препараттар жатады.

Дені сау адамдар тапшылық жағдайларының алдын алу үшін, ең алдымен, магнийге бай тағамдарды тұтыну керек. Рационға асқабақ дәнегі, жаңғақтар, какао, бидай кебегі, қарақұмық және сұлы жармасы, банан қосқан жөн. Адам рационалды және дұрыс тамақтанатын болса, магний жетіспеушілігіне тап болмайды.

Магний тапшылығы кезінде макроэлементтерді емдік препараттармен қосымша қабылдау керек. Магний деңгейін қалпына келтіру үшін препараттың жеңіл сіңетін түрін таңдаған дұрыс.

Магнийдің ең жоғары биожетімді түрлері – тұздардың органикалық түрлері: магний цитраты, глицинаты, таураты, лактаты, оротаты және аскорбинаты.

Егер сізде қышқылдық жоғары болса, рефлюкске қатысты проблемалар болса, ең дұрысы – глицинат пен таурат. Егер жуан ішекте проблемалар болса, онда ең дұрысы – цитрат.

Магний В тобының дәрумендерімен, атап айтқанда В6 дәруменімен жақсы үйлеседі.

Магнийді мырыш, темір, фосфор және Е дәруменімен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Маңызды!

Магний мен басқа биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауды бастамас бұрын, анализ тапсырып, дәрігермен кеңесіңіз.

Ешқандай шағым мен симптомдар болмаса ББҚ қабылдауға болмайды.


Аурухана серіктестері