Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Мырыш - неліктен тапшылық пайда болады және тапшылық орнын қалай толтыруға болады

  16.01.2023
Мырыш - неліктен тапшылық пайда болады және тапшылық орнын қалай толтыруға болады

Мырыш (Zn) – организм саулығы үшін маңызды элемент. Мырыштың маңыздылығы D дәрумені немесе Омега-3-ке қарағанда анағұрлым аз айтылады. Мырыш тапшылығы әлем халқының шамамен 20%-да байқалады, оның жетіспеушілігі ішкі ағзалардың дұрыс жұмыс істемеуіне, терінің, шаштың және тырнақтың нашарлауына әкеледі.  Мырыш жыныстық гормондардың белсенділігіне әсер етеді, май, ақуыз және витамин алмасуына, қан түзілу процестеріне қатысады. Иіс пен дәм сезбей қалу мырыш жетіспеушілігінің айқын белгілерінің бірі болып табылады. Бұл микроэлемент ер адамдардың денсаулығы үшін өте маңызды. Мырыш бұлшықеттер үшін және өсу гормонының жеткілікті өндірілуі үшін өте маңызды, тестостерон түзілуіне жауап береді. Мырыш жетіспеушілігі бедеулікке ықпал етуі мүмкін.

Мырыш организмде жинала алмайды. Күн сайын тапшылықтың орнын толтыру үшін 10-20 мг мырыш қажет, жүкті әйелдерге 30 мг дейін мырыш қабылдау керек.

Тапшылық көбінесе кімде болады?

  • вегетариандар мен қатаң диета ұстайтын адамдар
  • жүкті және бала емізетін әйелдер 
  • асқазан-ішек жолдары аурулары бар адамдар, бұл мырыштың сіңуінің төмендеуіне әкеледі
  • алкогольді көп тұтынатын адамдар, өйткені ішекте микроэлементтер сіңірілуі баяулайды
  • қалқанша безі мен бауырдың жұмысында ауытқулары бар адамдар
  • стресстік жағдайларды бастан кешіру

Мырыш қандай процесстерге әсер етеді?

  • инфекциямен күресу тиімділігі
  • антиденелердің көбеюіне, иммундық жүйені нығайтып, жаралардың жазылуына әсер етеді
  • гипофиз гормондарының белсенділігіне әсер етеді
  • май алмасу, майдың ыдырау қарқындылығын арттыру және бауырдың майлы дистрофиясының алдын алу
  • ұйқы безі мен аталық бездің қалыпты жұмысы
  • торқабықтың ыдырауын баяулатады, катарактаны емдеуге көмектеседі

Мырыш тапшылығының белгілері қандай?  

  • ашушаңдық, тез шаршау, ұйқысыздық
  • депрессия, алкоголизмге бейімділік
  • тері проблемалары: қабыну, безеу, фурункулёз, экзема, дерматит, псориаз, трофикалық ойықжаралар, жараның баяу жазылуы
  • шаш күңгірттенуі, қайызғақ, шаш өсуінің баяулауы және шаштың түсуі
  • дәм сезбей қалу, ауыздағы ойықжаралар
  • балалардағы кеш жыныстық жетілу (әсіресе ер балаларда) және өсудің тежелуі
  • көз өткірлігінің төмендеуі
  • иіс сезудің бұзылуы, тәбеттің төмендеуі, диарея
  • дене салмағының төмендеуі, күрт салмақ тастау
  • тырнақта ақ дақ пайда болуы, тырнақтың қабыршықтанып сынуы
  • инсулин деңгейінің төмендеуі
  • организмде мыс, қорғасын, темір жиналуы

Оңай сіңетін мырыштың көзі – жануарлардан алынатын өнімдер (ет, бауыр) мен теңіз өнімдері (устрица). Сонымен қатар, мырыш бұршақ дақылдарында, бидай өскіндерінде, кебекте, күнжітте, сұлыда кездеседі. Асқабақ тұқымының 100 граммында 10 грамм мырыш бар, бұл тәуліктің дозаға тең, яғни микроэлементтердің жақсы көзі болып табылады.

Организмде мырыштың қажетті мөлшері болмаған жағдайда, рационға мырыш қоспаларын қосуға болады. Егер қоспа хелатталған болса, онда тамақтану кезінде күннің бірінші жартысында қабылдаған дұрыс. Егер басқа түрлері болса (цитрат, сульфат), онда жүрек айнымас үшін тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қабылдаған дұрыс.

Есіңізде болсын!

Мырыштың тәуліктік дозасы 1-2 таблеткадан аспауы керек (дозасына назар аударыңыз). Микроэлементтерге физиологиялық қажеттілік күніне ең көбі 20 мг құрайды (егер дәрігер басқа доза тағайындамаса).

Маңызды!

Мырыш немесе басқа биологиялық қоспаларды қабылдауды бастамас бұрын, осы микроэлементтің тапшылығы бар-жоғын біліп алу керек. Ол үшін анализ тапсырып, дәрігермен кеңесу керек.


Аурухана серіктестері