Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Меңнің қандай қаупі бар?

  12.07.2022
Меңнің қандай қаупі бар?

Мең –  адам денесінде кездесетін қатерсіз өспелер. Бірақ меңнің дерматологқа жүгінуге тура келетін, назар аударуды қажет ететін түрлері де бар. Белгілі бір факторлардың әсерінен мұндай меңдер қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

Мысалы, шамадан тыс күн сәулесі мен солярийден тері әдемі болып қана қоймай, күйіп қалуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулеленудің шамадан тыс әсерінен терінің зақымдануы әртүрлі тері ісіктерінің, оның ішінде меланома пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Меланома – теріде пайда болатын қатерлі ісік, ол өзгеріссіз теріде немесе меңнің орнында да пайда болуы мүмкін. Ерте кезеңде ол хирургиялық жолмен толығымен  емделеді.

Меланоманың қандай қаупі бар?

Бұл тері обырының ең көп таралған түрі. Ол қалыпты меңнен өршуі мүмкін, бірақ статистикаға сәйкес, мұндай жағдайлар обырдың осы түрімен ауыратындардың жалпы санының 50% құрайды. Қалған жағдайлардың себептері әлі белгісіз. Егер ауру дер кезінде анықталып, емделмесе – өлім-жітімге әкелуі мүмкін. Соңғы 80 жылда тері обырына шалдығу жиілігі өскені байқалады.

Меланоманы қалай айырып тануға болады?

Меңнің пішінінің немесе түсінің кенеттен өзгеруі қалыпты жағдай емес.

Қарап тексеру кезінде келесі белгілерге назар аудару керек:

  • меңнің әркелкі қырлары;
  • меңнің асимметриясы;
  • соңғы айларда меңнің түсі немесе көлемінің өзгеруі;
  • меңнің түсі әркелкі болуы (дақтар, жолақтар);
  • мең айналасындағы терінің қызаруы;
  • мең диаметрі 5 мм-ден үлкен болуы;
  • меңнің жараға айналуы мен қанауы;
  • меңнің аздап шаншуы, қышуы, қабыршықтануы, күйдіріп ауырсынуы; көбінесе меңнің жағымсыз күйге түсіруі;
  • меңнің беті жарылуы, қанауы, ұсақ жаралардың пайда болуы.

Егер жоғарыда жазылған белгілердің біреуі байқалса –  тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша емхананың хирургынан жедел консультация алған жөн.

Теріде пайда болған өспелерді өз бетіңізше алып тастамаңыз немесе бұл үшін білікті мамандары жоқ косметикалық кабинеттерге, сұлулық салондарына жүгінбеңіз.

Есіңізде болсын, меңдерді тек хирургиялық жолмен және міндетті гистологиялық зерттеу арқылы алып тастауға болады!

Аурухана серіктестері