Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

КОРОНАВИРУС КЕЗІНДЕГІ ИІС СЕЗБЕУ немесе АНОСМИЯ

  10.03.2022

«Омикрон» штамына тән емес иіс сезбеу (аносмия) – COVID-19-дың ең ерте және жиі кездесетін белгілерінің бірі.

Ғалымдардың айтуынша, коронавируспен ауырған науқастардың шамамен 40-60% иіс сезуін жоғалтады.

Аносмия - бұл әдетте аурудан сауыққанан кейін кететін уақытша құбылыс, бірақ кейбіреулер үшін қалпына келу 3 аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Иіс сезуі бір жыл ішінде қалпына келетін жағдайлар да бар.

Сонымен қатар, кейбір адамдарда жағымсыз сезімдер (паросмия) арқылы көрінетін иіс сезу бұрмалануы кездеседі. Бұл жағдайда шайдың, кофенің, тіпті тамақтың иісі су құбыры, шіріген қоқыс немесе басқа да жағымсыз иіс сияқты сезіледі.

Коронавирус кезіндегі иіс сезбеу мен суық тию кезіндегі иіс сезбеудің ерекшеліктерін көрейік.

 

Коронавирус кезінде

Суық тигенде

Аносмия себебі

Мұрын қуысындағы жүйке жасушалары құрылымдарының зақымдануы және олардың қоректенуінің бұзылуы

Мұрынның сілемейлі қабатының ісінуі

Мұрын-жұтқыншақтың зақымдану белгілері

Мұрынның сілемейлі қабатының құрғауы, жеңіл бітелуі немесе қалыпты тыныс алуы; мұрынның бітелуі мен түшкіру сирек кездеседі

Мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрынның бітелуі, мұрын жолдарынан шығындылардың көп мөлшерде бөлінуі, түшкіру

Дәм сезу рецепторларының өзгеруі

Дәм жоғалту жиі байқалады

Дәм сезуінің төмендеуі немесе бұрмалануы

Кейбір қосарласқан белгілері

Тыныс алудың қиындауы, әлсіздік және шаршау, қақырықсыз жөтел

Қалтырау және ауырсыну, тамақтың ауруы, құрғақ жөтел ұстамалары, летаргия

Иіс жоғалудың қаупі қандай?

Иіс сезбеу организмнің қорғаныс жүйесінің жоғалуымен байланысты, мысалы:

  • ыс немесе түтін иісін уақытында сезбеу үйдің өртенуіне әкелуі мүмкін;
  • бұзылған өнімнің иісі мен дәмін сезбеу тамақтан улану қаупіне әкеледі;

  • газбен немесе күшті ерітінділермен ықтимал уытты улану және т.б.

  • Сонымен қатар, аносмия жиі тілдің дәм сезу рецепторларына жауапты жүйке ұштарының зақымдалуына байланысты дәмнің бұзылуымен бірге жүреді.

  • Иіс пен дәм сезудің болмауы әдетте тәбеттің төмендеуіне, сілекей мен ас қорыту сөлін бөлетін шартты рефлекстердің бұзылуына әкеледі, бұл өз кезегінде ас қорыту және асқазан-ішек жолдарында тағамның сіңу процесінің бұзылуына алып келеді.
  • Иіс жоғалуының психологиялық құрамдас бөлігі де өте маңызды.

Иіс сезуді қалай қайтаруға болады?

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта аносмия мен паросмияны емдеудің арнайы әдісі жоқ.

Аносмияның бірінші белгілерінде иіс сезуді өздігінен қалпына келтіру бойынша ұсыныстар

1.    Мұрынды күніне кемінде 2 рет тұзды ерітіндімен (бір стақан жылы қайнаған суға 0,5 шай қасық тұз) жуу.

2.    Гормоналды спрей қолдану (әр танауға бір бүрку), күніне 2 рет (таңертең және кешке).

3. Рецепторларды белсендіруге арналған «Иіс сезу» жаттығулары:

Күніне 2-3 рет тағамдарды немесе күшті иісі бар заттарды (сарымсақ, кофе, лимон, кардамон, даршын) иіскеу, сонымен қатар, қалампырдың, раушан гүлінің немесе әртүрлі иісі бар эфир майларының хош иісін) иіскеу.


Назар аударыңыз! Егер аурудан сауыққанан кейін және жасалған шараларға қарамастан иіс пен дәм сезу қабілеті қалпына келмесе емдеуші дәрігерге немесе отоларингологқа жүгіну керек. Иіс сезудің болмауы ұзақ уақытқа созылса, дәрі-дәрмектік терапия, физиотерапия, манипуляция әдістеріне қоса, оңалту қажет болуы мүмкін.

Ақпарат алу нөмірі: Call-center +7 (7172) 70-80-90


Аурухана серіктестері