Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

ИНСУЛЬТ МЕКТЕБІНДЕ ИНСУЛЬТТІҢ БАСТАПҚЫ, ҚАЙТАЛАМА АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, АФАТИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР КЕЗІНДЕГІ НЕЙРОРЕАБИЛИТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  30.10.2025
ИНСУЛЬТ МЕКТЕБІНДЕ ИНСУЛЬТТІҢ БАСТАПҚЫ, ҚАЙТАЛАМА АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ,  АФАТИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР КЕЗІНДЕГІ НЕЙРОРЕАБИЛИТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі, оның мақсаты - халықтың назарын ми инсульті проблемасының ауырлығына және оны тезірек анықтау қажеттілігіне аудару.

СӨСҚО қызметкерлері мен невролог Ы.О. Сүтбаева Инсульт мектебінде аурухананың БМСК бөлімшесінің дәрігерлері мен мейірбикелеріне арналған «Инсульттің бастапқы, қайталама алдын алу. Афатикалық бұзылулар кезіндегі нейрореабилитация: афазияға шалдыққан адамдарды кешенді оңалтудың негізгі тәсілдері» іс-шарасын өткізді.

Дүние жүзінде әр екі секунд сайын бір адам инсульт алады және екі секунд сайын біреу инсульттің салдарынан қайтыс болады. Бір жыл ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда 300-500 инсульт жағдайы келеді.

Рецедив 5 жыл ішінде 35-40% ықтималдықпен пайда болады, әр жолы салдары барған сайын ауырлай түседі.  Статистикаға сәйкес, осы «катастрофаға» ұшыраған адамдардың 31%-ы көмекке мұқтаж, 20%-ы өздігінен жүре алмайды, ал тек 8%-ы бұрынғы өміріне орала алады. 






Аурухана серіктестері