Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

«ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: КЕДЕРГІЛЕРДІ БҰЗАЙЫҚ» 2025 жылы Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні тақырыбы

  25.07.2025
«ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: КЕДЕРГІЛЕРДІ БҰЗАЙЫҚ» 2025 жылы Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні тақырыбы

Жыл сайын 28 шілдеде Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі, оның мақсаты: вирустық гепатит туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

ДДҰ-ның гепатитпен күрес жөніндегі жаһандық стратегиясы 2016-2030 жылдар аралығында гепатит инфекциясының жаңа жағдайларының санын 90%-ға және өлім-жітімді 65%-ға азайтуға бағытталған.

Дүние жүзінде вирустық гепатитпен өмір сүретін адамдардың 90%-ы оның бар екенін білмейді және күн сайын бұл аурудан 3000-нан астам адам қайтыс болады.

ДДҰ негізгі тезистері


1. Гепатиттер – бауыр обырының жетекші себебінің бірі

Созылмалы вирустық гепатиттер жыл сайын 1,3 миллион адамның өліміне әкеледі, олардың көпшілігі бауыр обыры немесе циррозынан қайтыс болады. Күнделікті өлім-жітім 3500 жағдайды құрайды және туберкулезден болатын өлім-жітіммен салыстыруға болады. В және С гепатиттері байқалмай таралады, күн сайын шамамен 8000 адамға жұғады. Бұл инфекциялардың алдын алуға және емдеуге болады, бірақ әсіресе медициналық көмек шектеулі аймақтарда олардың ауыртпалығы артып келеді.


2. Гепатитке тексеру – бауыр обырының алдын алудың алғашқы қадамы

Гепатитке шалдыққандардың көпшілігі организмінде инфекция бар екенін білмейді. Вирусты уақытылы анықтау – өмірлік маңызды ем алудың және бауыр обырының алдын алудың алғашқы қадамы. Гепатитке тестілеу, әсіресе инфекцияның эндемиялық аймақтарында және қауіп топтарында, инфекцияны жеңудің маңызды шарты болып табылады.


3. Егер елдер тез арада шара қабылдаса – 2030 жылға қарай адамзат 2,8 миллион өлімнің алдын алады.

Гепатитті жою – бұл қолдан келетін міндет. Ол үшін бізде вакциналар, тиімді емдеу әдістері және инфекция таралуын тоқтатудың дәлелденген әдістері бар. Көп жағдайда гепатитке тым кеш диагноз қойылады. Гепатитке уақытылы диагноз қоюға және жеке көмек көрсетуге ресурстар бөлу пациенттердің өмірін сақтап, бауыр обырының дамуына жол бермейді.

Қазақстан Орталық Азияда гепатитті тегін тестілеу және емдеу бойынша көшбасшы болып табылады. ҚР ДСМ ресми деректері бойынша 2022 жылы елде В гепатитіне шалдыққан 27 835 пациент және С гепатитіне шалдыққан 30 862 пациент тіркелген. В және С вирустық гепатиттері негізінен симптомсыз болады және 65% жағдайда олар бауыр циррозының немесе обырының дамуымен аяқталады.  

Осылайша, Қазақстанның елордалық емханаларында 18 жастан асқан 10 000 пациентке В және С гепатиттеріне жалпыға бірдей скрининг бағдарламасы сыналды.

Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша ҚР ДСМ Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдар арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.



Аурухана серіктестері