Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орайластырылған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы

  14.05.2018

листовка отказ от курения А5 каз

Нысаналы топтар – ҚР халқы, оның ішінде

- 3-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

- 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар

- 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

- 15-17 жастағы жасөспірімдер

- 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар

- 30-дан 64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар

- 64 жастан үлкен ересек тұрғындар

 

Өзектілігі

Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 7 миллионнан аса адамды өлімге душар етеді, оның 900 000-ға жуығы шылымқор емес және темекі түтінімен демалғанның нәтижесінде қаза табатындар. Әлемде 1 миллиардтан астам шылымқорлардың 80%-ға жуығы темекі шегумен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің ең ауыр ауыртпашылығы тиесілі табыс деңгейі төмен және орташа елдерде өмір сүреді. Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады, ал темекі шегу мен темекі түтінін қайта жұтудың әсеріне жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дерегінің шамамен 12%-ы тиесілі. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.

2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері темекі шегумен байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатер ментемекі тұтыну деңгейін төмендету бойынша тиімді саяси шараларға назар аударту мақсатында Дүниежүзілік темекісіз күнді «Темекі және жүрек аурулары» ұранымен  өткізеді. Науқан келесі мәселелер жөнінде ақпарат алуды арттыруға бағытталады:

- темекі мен жүрек аурулары және басқа жүрек-қантамыр аурулары, оның ішінде әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылатын инсульт арасындағы байланыс;

- жүректің сау болуы үшін темекімен байланысты қауіп-қатерлерді азайту мақсатында негізгі мүдделі тараптар, оның ішінде үкімет пен қоғамның іс жүзінде өткізетін іс-әрекеттері мен шаралары. Жүректің саулығына темекінің белгілі зиянды әсеріне және оған байланысты өлім-жітім мен аурушаңдықты төмендетуге бағытталған шаралардың болуына қарамастан, адамдардың көбі темекінің жүрек-қантамыр ауруларының жетекші себептерінің бірі болып табылатынын жеткілікті білмейді.

 

Мақсаттары мен міндеттері

«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты халыққа жауапты денсаулық сақтайтын мінез-құлық пен шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру, адам ағзасына шылымқорлықтың зиянды әсері туралы түрлі жастық категориядағы халықтың ақпарат алуларын арттыру болып табылады.

 

Бағдарламаның міндеттері:

- шылымқорлықпен күрес бойынша қарқынды науқан;

- халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық өрісті құру;

- темекіден бас тартуға көмек көрсету;

- темекі түтінінен азат ортаны қамтамасыз ету;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қоғамдық жағымды пікірді қалыптастыру;

- бұқаралық ақпарат құралдарына бағдарламаларды жариялау;

- балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу;

- халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау шеңберінде шылымқорларды анықтау мен әрі қарай профилактикалық Денсаулық мектептерінде темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартуға қолдау көрсету.

 

Негізгі қағидалар

 Бағдарлама келесі қағидаларға негізделеді:

- кешенділік – ведомствоаралық, кәсіби деңгейде келісілген өзара іс-қимылдарды білдіреді.

 - сараланған тәсіл. Адамдарды әрбір жастық категориясына арналған оқыту тәсілдері мен сақтық шараларына өзіндік ерекшелігі бар.

- сабақтастық – өзара байланысты екі аспектіден тұрады: түрлі ұйымдармен жүргізілетін профилактикалық шаралармен келісу және қолданыстағы шылымқорлықтың алдын алу технологияларын талдау, қорыту мен қолдану.

 

 Жүзеге асыру тетігі

         Жүзеге асырудың басты тетігі аталған шараларды өңірлер деңгейінде тәжірибе жүзінде жүзеге асыру арқылы бірыңғай әдістемелік негізде өңірлік Денсаулық сақтау басқармалары, МСАК ұйымдары, салалық қызметтер, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары,  облыстар мен Астана, Алматы қалаларының ҚДСК департаменттерінің бірлескен қызметі болып табылады.

 

Нысаналы топтағы 3-6 жастағы балалар

 

а) Адам ағзасының негізгі жүйелері мен олардың қызмет етуі туралы түсінігін қалыптастыру. Балаларға адам ағзасының құрылымының ерекшеліктері (адам немен дем алады, «Өкпе», «Жүрек» дегеніміз не, адам қандай ауамен демалуы керек екендігі) туралы ақпарат беру.

Балалармен «өкпе аурулары» дегеніміз не, неге темекі шегу жаман әдет және адамды ауруға шалдықтыруы мүмкін екендігі туралы әңгімелесу.

Тәрбиеші:

Балалар адамның денесінің құрылымы туралы әңгімелесейікші. Біздің денемізде адамның өсі мен дамуына көмектесетін мүшелер бар. Келіңдер, мен сияқты қолымызды кеудемізге қойып, тыныш отырып өзімізді тыңдайықшы. Ішімізден бір нәрсенің соғып тұрғанын сезесіңдер ме? Ол не? Ол жүрек. Жүрек – өте маңызды мүше. Жүректің қандай екенін білесіңдер ме? (балалар жүректі суреттен/сұлбадан көрсетеді). Адамның жүрегі оның жұдырығының көлеміндей. Жұдырықтарыңызды түйіңіздер. Иә, дұрыс, сендердің жүректерің сондай. Балалар айтыңдаршы, жүрек бізге не үшін қажет? Ол қалай жұмыс істейді?

Біздің жүрегіміз қанды бүкіл денеге сорғы секілді айдау үшін күндіз-түні жұмыс істейді. Адам өмір сүріп, өсіп және дамуы үшін жүрек қанды бастан аяққа дейін айдауға көмектеседі. Жүрек сау және мықты болуы керек.

Енді денемізді тағы да тыңдайық. Не естіп тұрсыз? Біз дем алып тұрғанымызды естіп тұрмыз. Терең тыныс алайықшы. Бізге тыныс алу үшін тағы бір мүше керек – бұл өкпе, адамда екі өкпе бар.  Олар да жүрек сияқты үздіксіз жұмыс істейді. Біздің өкпеміз қандай? (Балалар (тәрбиеші) сұлбадан/суреттен өкпені көрсетеді).

Адам тыныс алмай өмір сүре ала ма? Бірнеше секунд тыныс алуды тоқтатып көрейікші. Мүмкін емес иә, яғни адам тыныс алмай өмір сүре алмайды. Балалар біз тыныс алғанда, ауаның белгілі бір мөлшерін жұтамыз. Олар түрлі және өкпенің көлеміне байланысты. Ересектердікі үлкен, балалардікі кішкентай болады. Дұрыс тыныс алу үшін өкпе сау, таза және мықты болуы керек.

Балалар «темекі шегу» дегенді білесіңдер ме?

Қалай ойлайсыңдар, ересектердің бұлы қылығы жақсы ма, әлде жаман ба?

Балалар темекі шегудің неге зиянды екенін айтып берейін.

Адам темекі шеккенде, оның өкпесіне өте лас және қара түтін толып, ол қанға түсіп жүрекке барады. Содан кейін адамның өкпесі бітеліп, дұрыс жұмыс істемейді. Шылымқордың жүрегі де нашар жұмыс істей бастайды. Адам ауыра бастайды, үнемі жөтеліп, тез шаршап қартаяды.

Ал сендер күшті, сау және әдемі болғыларың келе ме? Онда естеріңде болсын, «Темекі шегу – денсаулықты құрту!» деген сөз.

Темекі шегетін ересек адамдар, темекі шегуді бастап үлкен қателік жіберген. Олар балалық кезден «темекі шегудің» өте жаман екенін білмегенінен зардап шегуде. Ал сендер енді темекі шегудің адамның денсаулығын бұзатынын білесіңдер.

Балалар, естеріңде болсын ешқашан темекі шекпеу қажет, ал шегетін адамдарға темекіні тастау керек.

Келіңдер, бір-бірімізге мықты денсаулықпен ақылды шешімдер қабылдауды тілейік!

 

б) Интерактивті қозғалыс ойындарын өткізу

Белсенді ойындар балалардың қалыпты өсуі, денесі мен ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Ақыл-ой белсенділігін арттыру үшін дене жүктемесін жүйелі түрде қолдану қажет. Олар ойлануды жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырып, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысу қабілетін дамытып, зейінді жинақтайды. Қозғалыс ойындары балаларға жағымды көңіл-күй тудырады. Бала ойнағанда құрдастарымен араласуды үйренеді. Ойнағанда өзінің қалауын ойын ережелеріне бағындырады. Ойнағанда барлық психикалық үдерістер дамып, алғашқы адамгершілік қасиеті қалыптасады.

Ойын үлгілері

«Себетке түсір»

Ойынға арналған тамаша материал – қағаз қалдықтары. Оларды түйіршіктесе жеткілікті, «қар кесектерін» жасауға арналған қауіпсіз зеңбіректер дайын болады. Себетті (үлкен шелек, қорап, ойыншыққа арналған себетті) табу мен ойнағысы келетіндерге зеңбіректерді тарату ғана қалды. Кімнің мерген екенін көрейік?

«Түймедақ»

Алдын алу қатысушылардың саны бойынша жапырықтары бар қағаз гүл дайындап алыңыз. Әрбір жапырақтың астына қызықты, бірақ қарапайым тапсырмалар жазыңыз: тақпақ пен жаңылтпаш айту, жаттығу жасау, өлең айту, билеу, үйрек сияқты жүру …  әрбір қатысушы кезекпен жапырақты таңдайды да, тапсырманы орындайды.

«Ыстық-суық»

Затты немесе ойыншықты тығып қойып, сіздің нұсқауыңыз бойынша баладан оны табуын сұраңыз: бала затқа жақындағанда, сіз «ыстық» немесе заттан алыстағанда «суық» деп айтасыз.

«Аңдар»

Екі команда қатысушылары аңға айналады: бірі аю, екіншісі қоян, үшіншісі түлкі және команда бойынша кезек-кезек аңдарды келтіріп жылжып отырады.

 

в) «Сіздің балаңыз үшін пассивті темекі шегудің зияны» атты балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

Пассивті темекі шегу – ауадағы темекі түтінін жұту (тыныс алу). Мұндай ауада темекі бұйымдарының (сигареттер, сигаралар немесе мүштіктегі темекі) жанғанына пайда болған темекі түтінінің зиянды құрамы болады, ол жанама түтін деп аталады (ол өте улы және қауіпті болады), сондай-ақ темекі шегетін адам демалатын негізгі түтін болады. Олардың бәрі бірігіп, шамамен төрт мыңға (кейбір мәліметтер бойынша жеті мыңға) жуық химиялық қосылыстардан тұратын қайталама темекі түтінін құрайды, олардың көбі қауіпті ауруларға шалдықтырады. Химиялық қосылыстар сол түтінді жұтуға мәжбүр шылымқорларға ғана емес, сонымен қатар айналадағы адамдарға да зиянын тигізеді. Пассивті шылым шегу жиі канцерогенді және өкпе обырына, сондай-ақ жүрек-қантамыр аурулары мен тыныс алу жүйелерінің ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

Пассивті шылым шегудің балаларға тигізетін қауіп-қатері

Балалардың тыныс алуы жиірек және ағзалары өсіп жатқандықтан, ересектерге қарағанда пассивті шылым шегу қаупіне көп ұшырайды.

Көптеген зерттеулерге сәйкес темекі түтінімен демалуға үнемі тап болатын балалар мынандай ауру түрлеріне шалдығулары мүмкін:

·                         респираторлық мүшелердің аурулары: бронхит, пневмония, бронх демікпесі;

·                         отит;

·                         жүрек-қантамыр ақаулары;

·                         асқазан-ішек жолдарының аурулары: тітіркенген ішек синдромы, шаншу;

·                         ауыз қуысының ауруы, тісжегі;

·                         баланың дамуының тоқтауы, аса белсенділік, зейіннің бұзылуы, оқудан қиналу.  

Сондай-ақ пассивті шылым шегу бастың үнемі ауыруына шалдықтыруы, көздің шырышты қабығын тітіркендіруі, тамақтың қабынуы мен дауыстың қарлығуы мүмкін.

Пассивті шылым шегудің ұзақмерзімді зардабы

Ата-анасы немесе отбасы мүшелері темекі шегетін балалар көбінесе есейген шақта темекі шегуді әдетке айналдырады. Пассивті шылым шегу тез әсер етіп қана қоймай, балалардың есейген шағында көз, өкпенің жеткілікті дамымауы, өкпе карциномасы, жүрек ақауы мен жүрек-қантамыр аурулары, созылмалы бронхит, психикалық бұзылу секілді ауруларға шалдықтырады.

Балалар үшін түтінсіз қоршаған орта

Сіздің балаңыздың пассивті шылым шегудің жанама әсерінің қауіпті салдарынан зардап шекпеуі үшін түтінсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету және сақтау қажет. Сіздің балаңыз үшін осындай ортаны жасаудың бірнеше тәсілдері:

· Темекі шегуді тастау. Ата-ананың әсері баланы темекі шегуге итермелейтін басты фактор болып табылады. Пассивті шылым шегудің сіздің балаңызға жағымсыз әсер етеді.

· Балаларыңызды пассивті шылым шегу қаупі төнетін орындардан алып кетіңіз. 

· Көлікте шылым шегуге тыйым салыңыз. 

· Мектептерде және балабақшада түтінсіз ортаны қолдаңыз. 

 

Нысаналы топтағы 7-10 жастағы балалар

 

а) Педагогтар, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен «Темекі шегу – адам денсаулығы үшін қауіпті!» ұранымен суреттер, қолдан жасалған бұйым байқауын өткізу.

Байқаудың мақсаты – өз денсаулығыңа жауаппен қарауға тәрбиелеу; оқушыларда темекінің денсаулық пен өмірге қауіпті әсері туралы пікір қалыптастыру; салауатты өмір салтын насихаттау, баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

Байқаудың тапсырмасы: темекі шегудің зиянды әсері сырттан көрініп тұрған және шылымқорға тән аурулары бар темекі шегетін адамның суретін немесе жасанды түрін салу  - «Шылымқорды қалай суреттейтін едің?».  

Байқауға дайындықтың бірінші кезеңі мұғалімнің балаларды «Темекі шегу – қауіпті әдет» тақырыбымен таныстыратын ақпараттық бөлім болып табылады.  Тақырып бойынша түсінікті ақпараттар:

Шылымқорлар өз денсаулықтарына өте зиян келтіреді және өмірлерін 6-20 жылға қысқартады. Шылымқорлар жүрек пен тамырлар, өкпе аурулар (бронхит, демікпе, өкпе обыры), асқазан аурулары (асқазан жарасы, обырына) шалдығады және көздің көруі мен есту қабілеті нашарлайды. Ауыз  қуысы мен тамақ обырына жиі шалдығады. Темекі шегетін болашақ ана әлі туылмаған балаға үлкен зиян әкеледі. 

Темекі шегу адамсын сыртқы келбетін бұзады (тері қартаяды, түсі сұрланады, тістері қоңырланады және іріңдейді, тырнақтары сарғайып, шаштары түседі, көзі қызарып қабынады, аяқ-қолдарын көгеріп тұрады, жағымсыз иіс пайда болады, адам үнемі жөтеліп жүреді).

 Жұмысқа қатысу ережесін балалар, ересектер немесе балалар мен ересектер бірге (жеке немесе ұжыммен) орындалады. Байқауға қатысу үшін төрешілер бағалау үшін жұмыс берулері қажет. Байқаудың нәтижелерін ұйым сайттарына, әлеуметтік желідегі парақшаларға орналастыру қажет. Байқау жеңімпаздарына дипломдар беріледі.

 

б) «Сау және мықты боламыз!» ұранымен қозғалыс ойындары, эстафеталар өткізу

Эстафеталар жарысатын және белсенді қозғалатын болғандықтан балалардың ең сүйікті қызметтерінің бірі болып табылады. Эстафетаға аз ғана құрал (доптар, шеңбер, текшелер, ракеталар, әуе шарлары және т.б.) қажет.

Балаларға арналған эстафеталар:

- денсаулықты нығайту және физикалық дайын болу;

- командалық ойындарды ойнай және ұжыммен жұмыс істей алу;

- салауатты өмір салтын ұстануға дағдылану;

- баланың ақыл-ой қабілетіне жағымды әсер ету.

Балаларға арналған спорттық ойындарды ашық ауада, сондай-ақ кедергісіз қолданысқа мүмкіндік беретін ғимаратта өткізуге болады.

 

7-10 жастағы балаларға арналған үлгілі эстафеталарды сипаттау:

«Кенгуру». Қатысушылар нысанаға дейін және қайтадан аяқтың арасына допты қысып алып жүріп бару керек.

 «Атыстар». Топ капитандары шеңберді басынан жоғары көтеріп ұстап тұрады, оған қатысушылар кезек-кезек әуе шарларын түсіруге тырысады.

«Жүк көліктері». Әрбір қатысушы нысанаға дейін және қайтадан шанақпен (қолындағы дөңгелекке салынған) үш (түрлі көлемде болатын) шардан  жеткізуі қажет.

«Үш рет секіру». Жүргізушілер қатысушылардан 10 м арақашықтыққа шеңбер мен секіртпе қояды. Бірінші қатысушы секіртпеге дейін жүгіріп барып 3 рет, екіншісі – шеңберге дейін жүгіріп барып 3 рет секірулері қажет.

«Ракеткадағы доп». Қатысушы допты ракеткаға салады да, оны нысанаға дейін алып барып, қайтадан әкелуге тырысады.

«Қошемет» - жарыс ойыны емес, баланың ойлау қабілетін дамытады. Қатысушылар 2 топқа бөлініп, қарсы топтың қатысушысына доптынемесе шарды кезек-кезек бере отырып, қошеметтейді немесе жақсы тілек айтады. Мысалы: «сен» …күштісің… жақсы билейсің… ұқыптысың… әнді жақсы айтасың… сенің күлкің әдемі… ақылдысың… футболды жақсы ойнайсың…  шашың әдемі… дарындысың… мектепте жақсы оқисың… жануарларды жақсы көресің… әдемісің… скрипкада тамаша ойнайсың… суретті әдемі саласың…  тез жүгіресің…  және т.б..

 

Нысаналы топтағы 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

 

а) «Шылымқорлықтың алдын алу» атты сынып сағаттарын, ашық сабақтар, ақпараттық сабақтарды ұйымдастыру.

Дәл осы жаста балалар осал және жаман мінез-құлыққа тез бейімделуі мүмкін. Жасөспірім шақта құрдастардың ықпалы көп әсер етеді. Сондықтан темекі шегудің алдын алуда осы ерекшелікті ескеру қажет. Психологтардың пікірінше құрдастардың қабылдауына мұқтаж болу, көбінесе осы жаста темекі шегуге итермелейтін басты себептің бірі болып табылады.

Осы кезде жасөспірімді темекі шегуге итермелеуге топтық қысым көрсету басым болады, ал түсіндіру жұмыстары тек көмекші болады.

Жасөспірімдік шақта темекі шегудің алдын алудың ең тиімді түрін ғалымдар пікірталас пен рөлдік ойындар өткізу деп есептейді, себебі ойын барысында темекі шегу және құрдастардың қысым көрсетуімен байланысты басты оқиғалар ойнатылатын болады.

Берілген сценарийде  екі түрі көрсетілген.

Пікірталасқа қажетті материалдарды ақпараттық бөлімнен алады. Пікірталастың темекі шегудің зиянды және қауіпті әдет екендігін білдіретін жалпы пікірді қалыптастыруға көмектескені маңызды.

Топтық пікірталас пен рөлдік ойындарды өткізу еркіндікте және өзара сенімділікте өтуі қажет. Рөлдік ойынға қатысу үшін тақтаға аталған оқушының темекі шегетінін негізге ала отырып шақыруға болмайды. Балаларға ең бастығы дауды жеңе алуға, мәжбүрлеуге көнбеуге үйрену екенін түсіндіру қажет. Бұл жағдайда темекі шегу ойын үшін кездейсоқ алынған тақырып болып табылады.

Сонымен, жасөспірімдік шақта темекі шегудің алдын алудың басты міндеттері:

1. Өз көзқарасын нақты қалыптастыра алу және темекіге қарсы дәлелдерді ұстану.

2. Құрдастарының қысымына қарсы тұра алу.

 

Мақсаттары: балаларды темекінің зиянын дәлелдейтін деректермен таныстыру; темекі шегуге қарсы көзқарас қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, балалардың темекіден бас тартуына жігерлі шешім қабылдауына ықпал етеді, балаларға құрдастарының зиянды әрекетінен бас тартуға мүмкіндік беретін қажетті мінез-құлықты тәсілдерді беру.

Сыныпты рәсімдеу

Сынып сағаты алдында сыныптағы тақтаны дайындау:

а) «Темекі шегу – зұлым тұзақ» тақырыбын жазу;

в) шара барысында толтырылатын кестенің суретін салу:

 

«Темекі шегу - «Жоқ» және «Иә»

«Жоқ»

«Иә»

Өлімге душар етеді

 

 

Ауруларға шалдықтырады

 

 

Ағзаны улайды

 

 

Сыртқы келбет нашарлайды

 

 

Тері қартаяды

 

 

Дауыс қарлығады

 

 

Тістер сарғаяды

 

 

Ақшаны құртады

 

 

Темекі шекпейтін адамдарды улайды

 

 

Жұмыс пен бизнеске кедергі келтіреді

 

 

Өрттің себептері

 

 

Бұл сәнсіз

 

 

Заңмен тыйым салынған

 

 

Сынып сағатының жоспары

1. Темекі шегудің зияны туралы ақпараттық бөлім

2. «Темекі шегудің себептері» интерактивті әңгімелесу

3. Темекі шегу туралы ортақ пікірге келу

4. «"Жоқ" деп айтуға үйрен» рөлдік ойыны.

5. Қорытындылау

Сынып сағатының барысы

I. Темекі шегу туралы ақпараттық бөлім

Сынып жетекшісі. Бүгін біз темекінің зияны туралы айтамыз. Қалай ойлайсыңдар балалар, жердегі адамдардың көбі темекі шеге ме?

Балалар пікірлерін айтады.

Ғалымдардың есептеуінше, жердегі әр үшінші адам темекі шегеді. Ал бұл темекі шекпейтін адамдарға қарағашқа шылымқорлардың көп екенін білдіреді.

Тақтаға қараңыздар. Оған мен темекі шегуге қарсы негізгі дәлелдерді жазып қойдым.

Темекі шегу өлімге душар етеді. Шылымқор өз өмірлерін 6-20 жылға қысқартады.

Темекі шегу созылмалы ауруларға шалдықтырады. Адам денесіндегі барлық ағзалар темекіден зардап шегеді.

Шылымқорлар 10-30 есе жиі қаза табады немесе инфаркт (жүректің бөліктерінің өлуі), инсульт (миға қан құйылу), асқазан жарасы, обыры секілді аурулардың салдарынан мүгедектікке тап болады. Олар өмір бойы өкпе ауруларымен ауырады, жөтеліп жүреді, сілекей көп бөлінеді.

Балаларға темекі шегу ересектерге қарағанда 2 есе қауіпті. Егер бірден шегетін болса ересек адам үшін бір қорап темекі, ал жасөспірімдерге жарты қорап темекі  мөлшері қауіпті. Кейде балалар қатарынан 2-3 темекі шеккеннен жүрегі тоқтап қаза тапқан.

Темекіде канцерогендердің 40-тан аса түрі мен жүздеген улар бар. Олардың ішінде ең қауіптісі никотин, ол өзінің улылығымен қауіпті удың түрі көгерткіш қышқылмен тең.

Ғалымдар ұзақ уақыт бойы темекі шегетін және шекпейтін оқушыларды зерделей отырып, шылымқорлардың есте сақтау қабілеті нашар, физикалық денсаулығы әлсіз, психикасы тұрақсыз болады деген шешімге келді, олар ақырын ойланады, нашар естиді, сырт кебеті өзгереді, жағымсыз иіс пайда болады. Шылымқорлар сырт жағынан темекі шекпейтіндерден өзгеше болады: олардың терісі тез қартайып, дауыстары қарлығып, тістері сарғайып кетеді. Темекі шегу ұлдар мен қыздардың репродуктивтік денсаулығына әсер етеді. 

Темекі шегу біздің басқа да пайдалы затқа жұмсауға болатын ақшамызды құртады. Мысалы, күніне бір қорап темекі шегетін адам, оған орта есеппен 350 теңге жұмсайды. Аптасына темекіге кететін шығыс – 2450 теңге, айына – 10 500 теңге, жылына – 126 000 теңге.

Темекіден бас тартқан жағдайда әжептәуір ақшаны үнемдеуге немесе оны жағымды және пайдалы заттарға жұмсауға, мысалы денсаулық пен сұлулықты сақтау үшін спорт, жаттығу залына баруға, йогамен, бимен айналысуға,  кинотеатр, театрларға баруға,  көп көгөніс пен жемістер, шырындар сатып алып тұтынуға, киім сатып алуға және т.б. болады.

Темекі шеккеннен темекі шекпейтін адамдар да зардап шегеді. Шылымқор темекінің құрамындағы зиянды заттардың жартысын дем шығару арқылы ауаны улайды. Бұл ауамен айналадағы темекі шекпейтін адамдар демалуға мәжбүр, ол олардың денсаулығына әсер етеді.

Темекі шегу жұмыс пен бизнеске кедергі келтіреді. Көптеген компаниялар шылымқорларды жұмысқа алудан бас тартады.

Темекі шегу адамдардың қаза табуына душар ететін өрттің себебі болып табылады, материалдық құндылықтарды жояды.

Темекі шегу - сәнсіз. Қазір терінің тегіс болуы, беттің таза болуы, жарқыраған тіс, спорттық сымбат пен күшті бұлшықет сәнді.

Еуропа мен Америка темекіден бас тартуда. Көптеген елдерде жасөспірімдерге темекі шегуге тыйым салатын заңдар қабылданған. 31 мамыр Дүниежүзілік темекісіз күн деп белгілеген.

Қазақстанда темекі шегуге қарсы заң қабылданған. Біздің елде спорттық, оқу және медициналық мекемелерде, шипажайларда, көліктерде, мейрамханалар мен кафеде темекі шегуге тыйым салынған.

Ересектердің темекі шегуінің себебін түсіндіру — бір кездері темекі шегуге әуестену арқылы адам қателік жібереді, ал одан кейін бұл зұлым әдеттен құтыла алмай жүреді. Олар ақымақтықпен темекі шеккендеріне өкінеді және олар салауатты өмір салтын ұстанғанда, көптеген ауруларға шалдықпас еді.

II. «Темекі шегу» интерактивті әңгімелесу

Сынып жетекшісі. Балалар қазір естіген деректерді әрбір шылымқор жақсы біледі. Оларды үнемі темекі алуға не итермелейді? Жауап беріп көрейікші. Сонымен, неге сендердің құрдастарың темекі шегеді?

Балалардың болжалды жауаптары:

- Біреумен бірігіп

- Әуестеніп

- Білместіктен

- Жүйкені тынышталдыру үшін

- Жеңілдеу үшін

- Үлкен, ересек, еркін көріну үшін

- Сәнді болып көріну үшін.

- бастың жақсы жұмыс істеуі үшін.

III. Темекі шегудің не екендігін туралы ортақ пікірге келу

Сынып жетекшісі. Сонымен, балалар темекі шегудің не екендігі қорытындылап, тақтаға жазайық.

Темекі шегу – бұл зиянды және қауіпті әдет, зұлым тұзақ, никотинге тәуелділік.

IV. «"Жоқ" деп айтуға үйрен» рөлдік ойыны.

Сынып сағаты. Балалардың көбі достарының ықпалымен темекі шегуді бастайды. Олардың темекіні шеккісі келмейді, бірақ одан қалай бас тарту керек екендігін білмейді.

Қазір біз «"Жоқ" деп айтуға үйрен» ойынын ойнаймыз. Бұл ойында істегіміз келмейтін нәрседен бас тартуға үйренеміз.

Тақтаға 2 оқушыдан шығатын болады. Олар темекі шегуді ұсынатын қойылымды ойнайды. Кімнің қолынан көндіру келетінін, ал кім келіспей қалмас үшін бас тарта алатынын көру қызықты. Қалғандары диалогты мұқият бақылап, сөз сайысында кімнің жеңіске жеткенін шешеді.

Сынып жетекшісі оқушылардың диалогтарын талдайды және бағалайды. Содан кейін пікір білдіріп, қателерін анықтайды.

Психологтардың кеңестері бойынша өте қарапайым бас тарту мынандай болады:

- Түсіндірмей жай ғана «жоқ» деп айту.

- Бас тартып және оның себебін түсіндіру.

- Бас тартып, кетіп қалу.

- Шайналған платинкаға ұқсап, итермелеуге «жоқ», «болмайды» деп жауап беру.

- Темекі шегуді ұсынса, назар аудармау.

- темекі шекпейтін адаммен бірігуге тырысу.

- Темекі шегетіндерді тобына қосылмау.

VII. Қорытындылау

Сынып сағаты. Біздің сынып сағатымыз аяқталып қалды. Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі әңгімеміз пайдалы болды ма? Одан не түсіндік?

Балалардың болжалды жауаптары:

- Мен темекі шегудің денсаулық үшін өте зиян және қауіпті әдет екенін білдім.

- Біреу темекі шегуге мәжбүрлесе, қалай бас тарту керек екенін білдім.

- Мен темекі шегудің ойын-сауық емес, тәуелділік екенін білдім.

- Мен темекі шегудің зұлым тұзақ және оған ешқандай жағдайда түспеу керек екенін білдім.

 

б) «Біз салауатты болашақты таңдаймыз!» ұранымен флешмоб өткізу.

Флешмобтардың артықшылығы адамдардың назарын аудартудың  ең нәтижелі тәсілінің бірі болып табылады, сондай-ақ оны ұйымдастыру өте қарапайым. Флэшмобтар кез келген стильде болуы мүмкін: би, вокал, спорт және т.б. Өткізілетін флешмобтардың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттермен күресу, денсаулықты сақтау мен нығайту болуы қажет.

 

Сынып сағаттары, ойындар, флешмобтарды өткізу аяқталғаннан кейін суреттер әлеуметтік желілердегі парақшаларға, ұйымдардың веб-сайттарына #сауболашақ, #сауболусәнді, #қозғалысбұлөмір хэштегімен жарияланатын болады.

 

Нысаналы топтағы 15-17 жастағы балалар

 

а) Жасөспірімдер үшін ерекше маңызды мәселе болып табылатын сыртқы келбетке (косметикалық әсерлер) кері әсеріне басты назар аударта отырып, темекі шегудің зиянды әсері (темекінің иісі, ауыздан шығатын жағымсыз иіс, тырнақтың сау болмауы, тістің сарғаюы, ерте әжім түсу, төзімсіздік пен нашар спорттық нәтижелер) туралы нақты ақпарат беру арқылы тренингтер, дәрістер, әңгімелесулер түрінде жасөспірімдермен түсіндіру жұмысын жүргізу.

 

Ақпараттық бөлім

Темекі шегудің салдары: темекі шегу неге зиян және қауіпті?

Темекі шегу көптеген қауіпті ауруларға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес жыл сайын одан әлемде 6 миллионға жуық адам қаза табады екен. Темекі шегудің салдарынан денсаулықта көптеген ақаулар пайда болады.

Темекі түтінінде қандай заттар бар

Сигарет – темекі жапырақтары мен қағаздан тұратын зиянсыз ойыншық емес. Ол жанғанда 4 мыңнан ас химиялық заттар бөлінеді. Дәл соларды шеккен кезде ағзаға зиян тигізеді.

Сіздер сигарет түтінімен бірге:

шайырлар – қатты бөлшектердің қоспасы. Олардың көбі канцерогендер болып табылады және өкпені бітейді;

күшән – сигареттің құрамындағы ең зиянды элемент. Жүрек-қантамыр жүйелеріне кері әсерін тигізіп, қатерлі ісіктерге шалдықтырады;

бензол – органикалық өнімдердің улы химиялық қосындылары. Лейкоз бен басқа обыр түрлеріне шалдықтырады;

полоний – радиоактивті элемент. Ағзаға іштен радиациялық әсер етеді;

формальдегид – улы химиялық зат. Өкпе аурулары мен тыныс алу жолдарының ауруларына шалдықтырады;

басқа заттар – темекі түтінімен дем арқылы кіретін зиянды қоспалар қантамырлар жүйесі арқылы адамның барлық ағзасына өтіп, ішкі ағзаларға қауіпті залал келтіреді.

 

Темекі шегудің адам ағзасына әсері

Темекі шегудің әсерінен қандай аурулар пайда болады

Өкпе және тыныс алу жолдары

Темекінің ағзаға зияны бірінші тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Зиянды заттар тыныс алу жолдарының тіндерін зақымдап, кеңірдек түктерінің қызметін бәсеңдетеді. Шайырлар өкпе альвеоласын бітеп, газ алмасу орнын азайтады. Азот оксиді тыныс алуды қиындата отырып, бронхты тарылтады. Соңында барлық деммен кірген заттар мен микроағзалар өкпе тіндерін бітеп, қанның құрамына сіңеді де, бүкіл ағзаға тарайды. Темекі шегу бронх демікпесі, созылмалы ринит, туберкулез, созылмалы өкпе ауруларына (бронхит және т.б.) шалдықтырады немесе оларды асқынтады, сондай-ақ суық тию мен тұмаумен ауыру жиілігін арттырады.

Жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары. Никотин тамырлардың тарылуына ықпал етіп, уақыт өте келе аяқ-қолдың ұсақ тамырларының бітелуіне алып келеді. Иіс газы күретамырларға жиналып, қанның жүруін бәсеңдетеді,  гемоглобинмен бірігіп гипоксияға, яғни ауаның жетіспеуіне әкеліп соғады. Адреналин секрециясын күшейту артериялық қан қысымын көтеріп, жүректің жиырылу жиілігін жеделдетеді. Жалпы көңіл-күй түсіп, белсенділік пен еңбекке қабілеттілік төмендейді. Сонымен қатар, темекі шегу  қан құрамындағы холестерин деңгейін арттыратындықтан қауіпті, ол ұйыған қанның пайда болуы, инфаркт пен инсульттің қаупін тудырады.

Обыр. Темекіге құштарлықтың өте зиянды салдары бронх, өкпе, кеңірдек, көмей, өңеш, қуық пен ұйқы безінің онкологиялық аурулары болып табылады.

Ас қорыту мүшелерінің ақаулары (тоқ ішекте полиптердің пайда болуы, асқазан мен ұлтабардың жарасы, гастрит, іштің шаншуы – ішектің шырышты қабығының қабынуы және т.б.)

Ауыз қуысы аурулары. Темекі шегудің салдары тіс эмалінің сарғаюы ғана емес, жара гингивит, пародонтит, шырышты қабықтың онкологиялық зақымдалуы секілді қауіпті ақаулар болып табылады.

Қимыл-тірек аппаратының бұзылуы. Темекі шегу сіңір мен байламдарға, сондай-ақ бұлшықет тіндеріне зиянды әсер етеді. Темекінің әсерінен ағзада кальцийді сіңіру нашарлап, остеопорозға шалдығады да, сүйектің сыну жиілігі және ревматоидтық артритке шалдығу қаупі артады.

Көз аурулары (торқабықтың зақымдалуы, нистагм (көз алмасының қозғылысының ауытқуы), темекі амблиопиясы (көздің көрмеуі), диабет ретинопатиясы (қант диабетімен ауырғанда көз торқабығы тамырларының зақымдалуы, катаракта және т.б.)

Репродуктивтік жүйенің ауыруы. Темекі шегу жыныс мүшесінің қызметінің бұзылуына, белсіздікке шалдығуға, болашақ аналар мен олардың ішіндегі ұрықтың саулығына қауіп төндіреді.

Басқа аурулар (қант диабетінің II типі, депрессия, ұмытшақтық, естудің бұзылуы және т.б.)

 

Темекі шегудің сыртқы келбетке қандай зияны бар

Тері. Созылмалы гипоксия мен тамырдың тарылуы шылымқордың терісінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады да, оған нәрлі заттармен ауа бармайды. Тері сұрланып, сусызданып шаршаңқы көрінеді. Терінің созылғыштығын жоғалтуының салдарынан мимикалық әжімдердің көлемі артады.

Сымбат. Темекінің арықтауға көмектесетіндігі туралы кең таралған өтірікке қарамастан, шылымқордың май қыртысының таралуы қалыптан ауытқиды: майлар бел мен кеуденің айналасына жиналады. Жамбасқа майдың жиналуы төмендейді. Жамбас пен белдің көлемінің үйлеспеуі туындайды.

Ауыз қуысы. Галитоздан (сасық дем) басқа темекі шегудің салдарынан  эстетикалық кемшілік пайда болады: тістің эмалі сарғаяды. Темекі шегу ауыз қуысының қабынуына, ауыз қуысының қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігінің бұзылуына, тісжегі, эмальдің сызат алуы, пародонтоз және т.б. шалдықтырады.

 

Аталған жастық категориядағы жасөспірімдерге арналған ақпаратты көрнекті етіп көрсету, кері байланысты күшейту, өзіндік пікір мен қарым-қатынасты айта отырып, пікірталасты дамыту арқылы қолжетімді және қызықты түрде жеткізуіміз қажет.

 

б) Пікірталастарды өткізу

 Пікірталасты оқушылар арасында «Темекі қораптарындағы пиктограммалар (графикалық суреттердың) маңызы» тақырыбына ұйымдастыруға болады, онда балалар қандай пиктограмма көргендерін, сақтандыратын графикалық суреттерді енгізудің жағымды және жағымсыз жақтарын, олардың пайдасын, тиімділігін талқылап, аталған бағыт бойынша пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісе алатын еді.  

 

в) «Шылымқорлық туралы не білемін?», «Жастар және темекі», «Темекі – сенің дұшпаның», «Темекі түтінісіз өмір», «темекі шегу туралы өтірікті жоққа шығарамыз» тақырыбына жоғарыда көрсетілген ақпараттарға қатысты шығарма немесе мазмұндама жазу

 

г) «Жасөспірім, ата-аналар және темекі» атты ата-аналар жиналысын өткізу

Ата-аналар жиналысында педагогтар ата-аналарға келесі нұсқауларды береді:

Баламен қарым-қатынас жасауда ұсынылатын кеңестер

1. Ата-аналарға жасөспірімдер туралы түсінігінің анық болуы, олардың әлемін түсінуге тырысу, оларды сол күйінше қабылдау керектігін түсіндіріңіз.

2. Ересек ретінде олардың өздерінің мүмкіндіктерін түсінуді ұсыныңыз. Балалардың өсуіне қарай өктемшілдік билік пен тәрбиелеу белгілі бір арақашықтықта қамқорлық пен қолдауға, сүйіспеншілік пен төзімділікке ұласуы қажет.

3. Балаларға және олардың әлемде өмір сүре алу қабілетіне сенуге үйрену керектігін түсіндіріңіз. Ересектер көбінесе өздерінің іс-әрекеттерімен өздеріне зиян келтіруі мүмкін әлсіз, ессіз жаратылыс ретіндей қарайды. Өз қалауларымен жастарды қорғау үшін пайдасына қарағанда зияны көп тиетін шектеулер қояды.

4. Ата-аналарға жасөспірімдерден күтетін жауапты баладан сұрауына кеңес беріңіз. Жасөспірімдердің белгілі ережелер мен оларды бұзудың салдары жөнінде не ойлайтынын өздері айтуға мүмкіндік беру.

5. Өздерінің сезімдеріне, қажеттіліктері мен шектеулеріне адал болуларын, жасөспірімдермен өздерінің қандай да бір сенімсіздіктерімен бөлісуден қорықпауға кеңес беріңіздер. Олардың ересектердің де мойындайтын өзіндік әлсіздіктері мен кемшіліктерінің бар екенін көру қажет.

 

Балалардың темекі шегуінің алдын алу жөнінде ата-аналарға берілетін кеңестер

Балалардың темекі шегуінің алдын алуды кішкентай кезінен олар бір нәрсені түсіне және сұрақ қоя бастаған кезден бастаған дұрыс. Есейе және ақпараттарды жинай келе салауатты өмір салтын ұстануға жаңа жаңа дәлелдерді келтіре отырып, біртіндеп қиындата отырып жалғастыру қажет. Ата-аналардың немесе басқа ересектер темекі шегетін үйде баланы темекі шегуден аулақтау екі есе қиын. Ата-аналарға барлық дерттің кесірін темекіден көруге тырысуға, ешқашан темекіні, темекінің тұқылын қолжетімді жерде қалдырмауға, мүмкіндігінше баланы темекі түтінінен қорғауға кеңес беру.

Темекі шегуге қарсы ең күшті құрал спорт болып табылатынын түсіндіріңіз. Егер бала үнемі, күн сайын қалжыратпайтындай деңгейде дене жүктемесімен айналысса, онда оның ағзасы үнемі «бақыт гормоны» деп аталатын эндорфинмен толығып отырады.

Спорт түрін таңдау кезінде міндетті түрде баланың қызығушылығын ескеру қажет. Егер бала жасөспірімдік шақта спортты тастаса, онда темекі шегуді бастау мүмкіндігі өседі. Бұдан басқа, спорт өзін-өзі бағалауды арттырып, дененің дамуын жеделдетеді, сондықтан қосымша есейту ерекшеліктерінің қажеттілігі азаяды.

Жасөспірімдердің темекі шегуінің алдын алудың маңызды қадамы баланың бос уақытын таңдау мен ұйымдастыру болып табылады. Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру әдістері мен түрлері олардың жастық тобына, әуестенуі мен қызығушылығына байланысты. Балалардың қалауына назар аударуға және жақсы көретін нәрсесін анықтауға тырысу қажет. Баламен келіспей қалудың алдын алып, әрі қарай дұрыс, пайдалы және қызықты демалыс ұйымдастыруға көмектеседі.

 

Егер бала темекі шегіп жүрген жағдайда ата-аналарға берілетін кеңестер

Бала темекіге әуестенген жағдайда, ата-анаған өздерінің сезімін көрсетпеуге, баланы ұрыспауға тырысу, сондай-ақ ренжігендерін және оларға бәрі бір еместігін жасырмай айтуы қажеттілігін түсіндіру қажет. Жазалау баланы қатайтып, ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты бұзып, реніш тудырғанымен, үнемі темекіден бас тартуға алып келмейді. Егер отбасында тура қазір баламен қарым-қатынасы ата-аналарға қарағанда жақсы адам болса, баламен дос ретінде сөйлесіп жағдайды анықтауды сұрауға болады. Ата-аналардың ең үлкен қателігі, баланың темекі шегетінін біле сала, бірден темекі шегудің зияны туралы ақпарат беруге тырысады. Сонымен қатар, қажетті нәтижеге тез жеткісі келе отырып, жасөспірімге пайдалы, маңызды ақпаратпен бірге пайдасыз да ақпарат бетеді. Мысалы, болашақтағы темекінің зиянды салдары туралы айтады: 50 жылдан кейін қатерлі ісікке шалдығасың, жүрегің ауырады, бетіңнің түсі нашар болады... мұндай он жылға шегерілген залал жасөспірімге күтерліктей әсер етпейді. Болашақ оған күмәнді болып көрінеді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің көбі темекіні тастаудың қиын екенін түсінбейді. Олар кез келген уақытта темекіні тастай саламын деп ойлайды. Бұл қиялды жою керек

Ата-аналар балалардың темекі шегу ағзаға неге зиянды, нақты қандай зиянын тигізетінінің нақты себебін білетініне және түсінетініне көз жеткізулері қажет. Темекі шегудің зияны туралы ақпарат шынайы және өзекті болуы тиіс. Ата-аналарға бұл жағымсыз оқиғаның балаға өзін кінәлі сезінуге, үнемі ақыл айтқандықтан үйде болуды төзгісіз етудің себебі емес екенін айтыңыз. Ата-аналарға жасөспірімдерге үйде жайлы, оған туысқандарының құрметпен және сеніммен қарауының қажет екенін түсіндіріңіз.

Ата-аналар баланың жасөспірімдік шақта темекі шегуінің көбіне отбасындағы жағдайдың жайсыздығын білдіретінін түсінулері қажет. Көбінесе олардың балалары отбасындағы өз рөлдеріне қанағаттанбауын білдіреді және оған өзін ересек сезінуіне көмек көрсету қажет. Жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасына аса назар аудару қажет және оны темекі шегетін достарының ықпалынан қорғауға тырысу керек. Ата-аналарға темекі шегудің себебі біртіндеп жетілетіндіктен, бұл әдетті жеңуге бірден қол жеткізе алмайтынын есте сақтаған дұрыс. Сондықтан қиындықты табанды қысыммен шешуге тырыспай, сабыр сақтау қажет.

Ата-аналарға балалардың «Темекі зиян болса, неге үлкендер темекі шегеді?» деген сұрағына қалай жауап беру керектігін айтыңыз. Ересектер балаларына өздерінің әлсіздіктерін ашық мойындасын: олар осы зиянды әдеттен арыла алмағандықтан шегеді. Ол балаларға темекіге дұрыс көзқарасты қалыптастырады және ата-аналарына сенімін арттырады.

Ата-аналардың балаларына үнемі психологқа, мысалы Жастар денсаулық орталықтарына немесе МСАК ұйымдарына жүгінуге болатынына кеңес беріңіз, ол жерле ол білікті көмек ала алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған танымдық және қызықты тренингтер мен шараларға қатыса отырып, құрдастарымен бірге қиындықтарын шеше алады.

 

д) Пассивті темекі шегуге қатысты жақсы мінез-құлыққа дағдыландыру

ДДҰ-ның сарапшылары пассивті шылым шегуді шектеуге ықпал ететін бірқатар шараларды ұсынады:

• Meet – достармен шылым шегуге тыйым салынатын жерлерде кездесіңіз;

• Ask – отбасы мүшелерінен және қонақтарда ғимаратта темекі шекпеуін сұраңыз;

• Declare – өз үйлеріңізді және өз кеңістіктеріңізді (мысалы, ата-аналардың көлігі, балкондарды) темекі түтінінен азат аймақ ретінде жариялаңыз;

• Talk – отбасы мүшелерімен темекі түтінін қайтадан жұтумен байланысты қауіп-қатер туралы әңгімелесіңіз;

• Encourage – темекі шегетін отбасы мүшесінен, достарыңыз бен таныстарыңыздантемекіні тастауын сұраңыз;

• Advocate – жұмыс орындарында және қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды тегіс қамтитын заңдарды насихаттаңыз.

 

Нысаналы топтардағы 18-29 жастағы жастар

а) Оқу орындарында (ЖОО мен ОАОО) «Біз өз өміріміздің режиссеріміз!» шарасын (байқауын) даярлау және ұйымдастыру.

Шараның негізіне салауатты өмір салтын насихаттауға шығармашылық тәсіл жатыр.

Студенттерге арналған тапсырма:

1) Жастар арасында шылымқорлықтың алдын алуға бағытталған мағынадағы бейне роликтер, бейнесюжеттер, қысқа метражды фильмдер жасау. Бейне роликтердің тақырыбы жастар ортасындағы темекі шегу мәселесіне, мысалы «Шылымқорлықтың денсаулық, сұлулық пен жастыққа зиянды әсері», «Темекі мен жүктілік», «Пассивті темекі шегудің қаупі», «Жастар денсаулық орталығы», «Темекі шегетін қыздардың санының өсу мәселесі», «Біз кішкентайларға қандай үлгі көрсетеміз?» және т.б. қатысты өзекті мәселелер, сұрақтарға бағытталған болуы керек.

Аталған шара байқау сипатында бола ма, не қандай да бір концерттік қойылым, әңгімелесу кештері және т.б. ұйымдастыру арқылы студенттерге шығармашылық жұмыстар көрсетілетін бола ма, ол ұйымдастырушылардың қарауынша болады.

2) ЖОО, ОАОО студентері арасында «КТК» байқау немесе зияткерлік ойындар секілді басқа шаралардың түрлерін ұйымдастыру.

Бірнеше жарыс командаларын құру, әділқазылар мүшелерін анықтау, өткізілетін ойындардың тақырыбын таңдау (негізгі тақырыптар: өмір салты, зиянды әдеттер, денсаулық, жастар, спорт, құмарлық және т.б.), ойын жоспары мен кезеңдерін құру, әр кезеңге арналған уақыт шегін, нәтижелерді бағалау шкаласын анықтау. Зияткерлік ойындарды өткізу түрлерін анықтау: тест тапсырмасы, ашық сұрақтар, ой салу, ұпай шкаласы, ойын кезеңдерінің көлемі мен сипаты. Жеңімпаз командаларды марапаттау түрін анықтау (дипломдар, сертификаттар, сыйлықтар және т.б.).

3) «Темекі бұйымдарын тұтыну мен іске асыруды шектеу және тыйым салу мәселелері, темекіден халық денсаулығын қорғауға қатысты заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді білу жөнінде жастарға ақпарат беру», «Электрондық никотин тасымалдау жүйесін қолдану – пайдалы немес зиян?», «Насыбай туралы не білесіз?», «Смокелайзер: жұмыс бағыты мен қағидасы» тақырыбына пікірталас ұйымдастыру.

Ақпараттық бөлім

Электрондық сигарет (ағылш. e-cigarette) — ингаляцияға (ауа жұтуға) арналған жоғары дисперстік аэрозоль (бу) жасайтын электрондық құрал. Ол никотинді жеткізу құралы (ЭНТҚ) ретінде де,  никотинсіз хош иістендірілген буды жұту үшін де қолданылуы мүмкін. Бу жылытқыш элементтің жоғары жағындағы арнайы дайындалған сұйықтықтың булануының есебінен пайда болады және сыртынан темекі түтініне ұқсайды. Құрал түрлі формада, оның ішінде қарапайым сигарет немесе темекі мүштігіне ұқсас формада болуы мүмкін. Электрондық сигаретті қолдану барысындағы қалыптасқан термин: булану немесе вейпинг (ағылш. vaping).

Насыбай – Орталық Азия үшін дәстүрлі темекі бұйымының түрі. Құрамы: махорка немесе темекі, сілті (езілген әк немесе өсімдіктің күлі), оған тауық қиы немесе тезек, дәмді жақсарту үшін өсімдік майы мен дәмдеуіш қосылады. Кішкентай шар, таяқша немесе ұнтақ түрінде сатылады. Оның түсі жасыл-сұр, өзіне тән иісі мен дәмі бар. Насыбай кішкентай целлофан пакетте сатылғандықтан, сатып алушы зертханалық сараптама жасамайынша, оның құрамындағы зиянды заттар мен никотин туралы білмейді. Насыбай сатушылар темекі тастауға көмектесетін құрал ретінде ұсынады. Ал негізінде насыбайда никотиннің мөлшері көп және никотинге қатты тәуелді етеді.

Смокелайзер – шығарған ауадағы иіс газының шоғырлауын анықтауға арналған газ талдауыш құрал. Медицинада, клиникалық зерттеулерде, пульмонологияда, практикалық медицинада көміртек мооксиді газын өлшеу үшін қолданылады. Өндірісте, жедел медицинада диагностикалау үшін, сондай-ақ балалар мен оқушылар оқитын білім беру мекемелерінде шылымқорларды анықтау үшін тағайындалған.

 

Ойындар мен байқауларды өткізудің нәтижесі бойынша хэштэгпен ұйым веб-сайттарына, әлеуметтік желілерге өткізілген шаралар жөнінде ақпараттар, мәтіндер орналастырылады.

 

б) Спорттық шараларды ұйымдастыру

Жастар арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттаудың артықшылығы

Жастар арасында дене белсенділігін тиісті жасаудың арқасында:

- өз денсаулығына жауапкершілік қалыптасады;

- денсаулық сақтайтын  мінез-құлыққа дағдыланады;

- қаңқа-бұлшықет тіндерінің дұрыс дамуына, жүрек-қантамыр жүйесі, жүйке-бұлшықеттің реттелуіне ықпал етеді;

- қалыпты дене салмағын сақтайды.

 

Сонымен қатар, дене белсенділігімен айналысу оларға өзін-өзі көрсетуге, өзіне сенімділікті, әлеуметтік өзара-іс-қимылды және жақсы мінез-құлық түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік беру арқылы жас адамдардың әлеуметтік дамуына ықпал етуі мүмкін.

Дене белсенділігін ұстану бойынша шараларды сараланған тәсілмен іске асыру мақсатында жұқпайтын аурулардың алдын алу үшін қажетті дене белсенділігінің жиілігі, ұзақтығы, қарқындылығы, түрі мен жалпы көлемі арасындағы «мөлшер – жауапты реакция» байланысына негізделген өзара байланыстарға қатысты ДДҰ әзірлеген «Денсаулыққа арналған дене белсенділігі жөніндегі ғаламдық нұсқауларды» ұстану тиімді болады. 18 – 64 жастағы ересек адамдар үшін ұсынылатын дене белсенділігінің көлемі аптасына 150 - 300 минутты құрайды.

 

Нысаналы топтағы 30-64 жастағы ересектер

 

а) МСАК деңгейінде Ашық есік күндерін ұйымдастыру

МСАК деңгейінде Ашық есік күндерін ұйымдастыру шеңберінде темекі тастағысы келетінін білдірген адамдарға көмек көрсетуге ықпал ету, профилактикалық мақсатта халықтың осал топтарымен (жасөспірімдер, жастар, жүкті әйелдер және т.б.) жұмыс істеу; қан құрамындағы холестерин, глюкоза деңгейін анықтауға профилактикалық жедел диагностикалық тест өткізуді, артериялық қан қысымын,  антропометриялық өлшемдерді өлшеу.

 

Ақпараттық бөлім – темекіні тастағысы келетіндерге арналған кеңестер

Қатерлі ісікті зерделеу жөніндегі америкалық қауымдастық темекіден бас тартқан кездегі ағзадағы өзгерістер туралы келесі деректерді келтірген:

- тамырдың соғысы мен артериялық қан қысымы соңғы тартылған темекіден кейін 20 минуттан соң қалпына келеді;

- 12 сағаттан кейін қан құрамындағы иіс газының деңгейі төмендейді;

- 2 күннен кейін дәм және иіс сезу рецепторлары қалпына келеді;

- 0,5-3 айдан кейін  қан айналым және  тыныс алу жүйелерінің қызметі жақсарады;

- 1-9 айдан кейін жөтел мен тыныс алудың қиындауы азаяды;

- темекіден бас тартқан соң бір жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруының қаупі жартылай шектеледі. 15 жылдан кейін темекі шекпеген адам сияқты болады;

- бес жылдан кейін инсульт қаупі темекі шекпейтін адамдай болады. Көмей, өңеш пен ауыз қуысы, қуық обырына шалдығу мүмкіндігі жартылай азаяды;

- 10 жыл ішінде өкпе обырының қаупі (темекі шегуді жалғастырғандармен салыстырғанда) жартылай төмендейді;

- оның бұдан басқа қант диабетінің қауіпінің азаюы, жүктемеге қабілетті артуы, көңіл-күйінің жақсаруы, еркектердің әлеуетінің артуы, әйелдердің репродуктивтік қызметінің жақсаруы байқалады.

Темекі шегудің психикалық қана емес, физикалық та тәуелділік екені белгілі. Физикалық тәуелділік никотиннің ағзаға әсерінен пайда болады. Ол рецепторларға, миға әсер етеді және әдетке айналдырады. Психологиялық үрдіспен байланысты. Адам қолына темекіні «ұстауы», жағдайды сезінуі, «темекі шегетін орында» әңгімелесіп тұруы қажет.

Никотинге физикалық әуестіктің нәтижесінде абстиненция (күшін жою синдром) – ашуланшақтық, әлсіздік, науқастық, ұйқының бұзылуы мен тіпті темекіден бас тартқаннан кейін  жүректің айнуы байқалады. Бірақ бұған уақытша құбылыс деп қарап, әрі қарай өзін-өзі тәрбиелейтін жұмыс істеуге тырысу қажет.

Психологиялық әуестік кезінде темекіден бас тартуға өз мүмкіндігін арттыру үшін темекі түтіні сізге керек емес екеніне өзініңді сендіруіңіз қажет. «Кеңесші» және «қолдаушы» ретінде уақыт өткізу, әңгімесу үшін қажеті жоқ. Өзіңді дұрыс жігерлендіріп, нақты мақсат қою қажет. Ол:

- сыртқы келбеттің, тері, шаш пен тырнақтың жағдайының жақсы болуы, жағымсыз иістен, оның ішінде ауыздың жағымсыз иісінен арылу;

- өзінің сау болуы мен балаларының денінің сау болуын қалау;

- үнемделген ақшаны жағымды және пайдалы нәрсеге жұмсау;

- өз өміріне және өзінің таңдауына жауаппен қарау, өз әдетін басқара алу.

Темекіге психологиялық тәуелділікті жеңу және оны оңайлату үшін бірін-бірі қолдау, сергіту арқылы темекіні бірге тастауға болады. Бұрын темекі шегуге жұмсаған уақытыңызды енді басқалай өткізуге үйрену. Айналысатын жаңа іс тауып алған, темекіге қайшы бір іспен, мысалы спортпен айналысқан жақсы. Бұрын темекіге жұмсаған үнемделген ақша сомасын күнделікті арнайы кестеге жазуды бастаңыз. Өзіңізге рахат алып келетін тауар немесе қызметтің апталық немесе айлық сомасын сатып алыңыз.

Темекіні бірден тастау қорқынышты немесе қолдан келмеуі жиі орын алады. Никотинге тәуелділіктен мөлшерін біртіндеп азайту арқылы бас тартудан тырысыңыз. Ол үшін:

- «келесі жолға» дейін – таңғы асқа, жұмысқа жеткенше темекі шегуді кейінге қалдырыңыз;

- темекіні түгел шекпеңіз – «тұқылын» көп қалдырыңыз;

- суды көп ішіңіз;

- темекіден бас тарту жоспарын құрыңыз: күніне10 темекі шегіңіз, одан кейін 3 темекі, кейінірек күніне 1 темекіге шектеңіз және толық бас тартыңыз;

- Қолыңызға темекі алған сайын «Бұл маған неге қажет?», «Бұдан маған не пайда?» деп сұрай отырып, өзіңізбен-өзіңіз сөйлесіңіз.

Бұл бірінші кезекте уәждеменің сыни жиынтығын жинауға көмектесетін және темекіден бас тартуға шешім қабылдайтын мінез-құлықты психотерапия.

Қолда және ауызда темекіні ұстап тұратын физикалық әдетті жеңу үшін қалтаңызға ұсақ-түйек, қарындаш, тіз тазартқыш, шемішке, жаңғақтар, ментол сағызын салып алыңыз. Оларды темекі шеккіңіз келген сайын алыңыз.

Егер мүмкіндігіңіз болса, темекі шеккіңіз келгенде, кеудені жерден көтеру жаттығуын жасап немесе тісіңізді тазалаңыз.

Қолыңызға қатты резеңке тағып алыңыз. Темекі тартқыңыз келсе – тартып қалыңыз. Ауыра ма? Ал темекі ағзаға жүзден көп зиянын тигізеді.

Темекі туралы ойлауға мүмкіндік бермеңіз. Алданыңыз – кітап оқыңыз, қызықты фильм көріңіз, сөзжұмбақ немесе бас қатырғыш шешіңіз.

Жақсы нәрсеге ұмтылыңыз! Темекіден бас тарту – қуаныштың себебі. Өміріңіз жақсы жаққа өзгеріп барады. Оны өзіңіз өзгертесіз.

 

  б) «Темекі мен жүрек ауруы», «Өзің біл және өзгеге айт!» темекінің алдын алу және темекіден бас тарту жөнінде адамдар жаппай жиналатын жерлерде акция өткізу. Адамдар жаппай жиналатын жерлерде ақпараттық материалдар тарату.

Байқаулар, қойылымдар, дәрігерлердің кеңес беруін ұйымдастыру, қазіргі кездегі шылымқорлықтың таралуы мәселесі туралы халықтың пікірін білу және оның зияны туралы ақпарат беру; сұрақ-жауап кешін өткізу.

Сауда ойын-сауық орталықтарында, саябақтарда, базарларда, гипермаркеттерде, темір жол бекеттерінде, әуежайларда, сондай-ақ веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-коммуникациялық материалдар тарату.

Веб-сайттарға, әлеуметтік желілердегі парақшаларға шаралар нәтижесін жариялау.

 

 

Нысаналы топтағы 64 жастағы ересек тұрғындар

 

а) Спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастыру

Үгіт-насихат шараларының мақсаты физикалық жаттығулар және спортпен үнемі айналысқысы келетіндерді тарту. Олар кез-келген адам қатыса алатындай үлгілі, ашық жарыстар, байқаулар түрінде өткізіледі.

Спорттық-бұқаралық шаралар — жарыс, біріншілік, турнирлер, мерекелер, денсаулық күндері, туристік слеттер мен сапарлар.

Шараны өткізу  мерзімі мен дайындық көлеміне байланысты болады, оны екі кезеңге бөлуге болады:

- даярлық — техникалық тапсырманы (шара өткізу жоспарын) құру және келісу;

- ұйымдастыру — персоналды қамтамасыз ететін әділқазылар алқасын іріктеу, құралдарды құрастыру, жарыс орнын даярлау, қосымша қызметтермен шара ұйымдастыру.

Техника қауіпсіздігі ережесін сақтауды қамтамасыз ету маңызды қағида болып табылады.

Қорытынды кезең — нәтижені хабарлау және марапаттау, веб-сайттарға, әлеуметтік желілердегі салу.

 

б) Шылымқорлықтың алдын алу мен бас тарту, салауатты өмір салты мәселелерін хабарлау арқылы халыққа арналған ақпараттық науқан өткізу, МСАК ұйымдарында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу мәселелері жөнінде мамандардың кеңес беруі, бейінді денсаулық мектептерінде дәрігердің қабылдауында қарт адамдарға арналған ақпараттық-білім беру шараларын өткізу.

Денсаулықты сақтау мен нығайту, шылымқорлық пен онымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде мамандарды, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы халыққа арналған дәрістер циклін өткізу.   

Ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, жалпы практика дәрігерлерімен, тар бейінді мамандармен әңгімелесу, темекіні тастағысы келетіндерге көмек көрсету, әрі қарай білікті көмек алуға жетекшілік ету.  

в)  Қозғалмалы оңтайлы кешендерді (ҚОК) шақыру арқылы адамдар жаппай жиналатын жерлерде (базарлар, сауда кешендері, саябақтарда) «Денсаулық қалашығы», «Денсаулық автобусы» кең ауқымды акция өткізу.

Терапевттер, кардиологтар, психологтардың кеңес беруін ұйымдастыру.  Қан құрамындағы холестерин, глюкоза деңгейін анықтауға, артериялық қан қысымын, Кетле индексі көрсеткіштерін ескере отырып, антропометриялық мәліметтерді өлшеуге профилактикалық жедел диагностикалық тест өткізу, SCORE шкаласы бойынша қауіпті анықтау. Дұрыс тамақтану, қалыптасқан дене жүктемесі, шылымқорлықтан бас тарту, күйзеліспен күресу мәселелері жөнінде кеңес беру, ақпараттық-коммуникациялық материалдар (кітапшалар, жадынамалар, үнпарақтар) әзірлеу, профилактикалық скринингтік тексеріп-қараудан өтуге шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға және темекі шегуден бас тартуға шақыру арқылы шоу көрсетілімдер, флеш-мобтар ұйымдастыру.

Өткізілген акциялар туралы ақпарат ғаламтор арқылы таралып, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануы қажет.

 

 

Бұқаралық-ақпараттық шаралар ұйымдастыру мен өткізу

Мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту, халықтың ақпарат алуын арттыру, шылымқорлықпен күресу

Шара өткізу түрі:

- телеарналарға, радиостанцияларға сұхбат беру;

- мемлекеттік және орыс тілінде басылымдарға мақалалар жариялау;

- ұйымдардың Web-сайттарына, ақпараттық агенттіктерге жаңалықтар аңдатпасын орналастыру;

- МСАК ұйымдарында, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемеге қарасты кіші және орта бизнес кәсіпорындарында аудио-бейнероликтерді айналымға беру;

- облыстық және қалалық деңгейдегі баспасөз мәслихаттарына қатысу;

- темекі бұйымдарын тұтынудың алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері жөнінде ақпараттық білім беру материалдарын (инфографикалар, үнпарақтар, плакаттар) тарату;

- МСАК мекемелерінде, мектептерде, адамдар жаппай жиналатын жерлерде радиоторап бойынша сөз сөйлеу;

- LED-мониторларға, қоғамдық көліктерге, адамдар жаппай жиналатын жерлерде әуежайларда, көлік/теміржол бекеттерінде, кинотеатрларда бейнероликтер көрсету;

- өңірлік телеарналардан, қоғамдық көліктерде жүгірмелі жолдар, аялдамаларға, ХҚКО, адамдар жаппай жиналатын жерлерде ақпарат, сыртқы жарнама (түстідиодты дисплей, баннерлер, билбордтар, ақпараттық бағаналар, Roll-up бағаналар және т.б.) орналастыру.

- ұялы байланыспен SMS-хабарлама, әлеуметтік желі, коммуналдық қызмет төлеу
бойынша төлем түбіртіктері арқылы профилактикалық бағыттағы ақпарат жіберу (скринингтік
тексеруге және басқа профилактикалық шараларға шақыру), тұрғын үйлердің
жеделсатылары мен кіреберістеріне ақпарат орналастыру.


Аурухана серіктестері