Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік қантты диабетпен күрес күні!

  14.11.2019
ҚР ПІБ МОА Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері тіркелген мемлекеттік қызметшілер үшін «САЛАМАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде Дүниежүзілік қантты диабетпен күрес күніне арналған іс-шара өткізді.

✔ Іс-шараның мақсаты: контингенттің қантты диабет туралы хабардар болуын арттыру, осы аурудың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге назар аударту.

Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптарға арналған дәрістер жүргізілді:

✔ «Профилактика және қантты диабетті ерте анықтау», дәріскер – Ж.Д. Абдина, ҚР ПІБ МОА дәрігер-эндокринологы.

✔ «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алудың негізі», дәріскер – Г.К. Турдунова, СӨСҚО дәрігер-әдіскері.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары/ буклеттер, жадынамалар таратылды: «Қантты диабеттің прафилактикасы және алдын алу үшін не маңызды»; «Қантты диабет кезіндегі өзін-өзі басқару»; «Қантты диабетті ерте анықтауға арналған скрининг»; «Қантты диабет»; «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алудың негізі»; «Саламатты сандарға қол жеткіз!».


Іс-шараға 23 адам қатысты.

КАД 1.jpg
КАД 2.jpg
КАД 14.11.19.jpg


Аурухана серіктестері