Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ДДСҰ барлық елдерді коронавирусқа төтеп беруге дайындалуға шақырды

  24.01.2020
Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның пайда болғандығы туралы ақпарат берді. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтады - бұл 2019-nCoV коронавирусы.
Соңғы мәліметтер бойынша, аталған вирустан 26 адам көз жұмған. Вирус Қытайдан тысқары жерлерге де тарап кеткен. Қытай билігі вирустың адамнан адамға жұғатындығын ресми түрде растады. Алғашқы ауырғандардың теңіз өнімдері нарығына қатысы болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл елде вирусты жұқтырғандар саны 830-дан асты. Сондай-ақ, 26 пациент қайтыс болды, олардың 24-і Хубэй провинциясының аумағында, екеуі – басқа жерде орын алды.
Вирус Қытайдан тысқары жерлерге де таралды, жұқтыру жағдайлары Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Вьетнам, Сингапур және Таиландта тіркелген.
Ухань қаласынан кейін, коронавирустың жаңа түрінің өршуі тіркелген Қытайдың Хубэй провинциясының тоғыз қаласында көлік қатынасының уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлама жарияланды.
Осылайша, көлік қатынасы тоқтатылған елді мекендер саны онға жетті: Ухань (11 миллион адам), Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион), Хуанган (7,5 миллион), Сяньтао (1,6 миллион), Чжицзян (550 мың), Цяньцзян (963 мың), Хуанши (2,7 миллион), Эньши (809 мың) және Сяньнин (2,5 миллион).
Вирусқа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар провинцияның 29,2 миллионнан астам тұрғынын қамтыды.
Уханьда ең қатаң карантин жарияланды. Сондай-ақ, 23 қаңтар сағат 10.00 бастап жер үсті көліктері, паромдар, метро жұмысы тоқтатылды, қалаға жолаушылар автобустары жіберілмейді, әуежайдан ұшып шығу және теміржол станцияларынан шығу тоқтатылды. Билік ол қалаға бармауды және қаладан еш себепсіз шықпауды ұсынады.
Коронавирустар – бұл вирустардың үлкен тобы, оған адамдар арасында көптеген ауруларды тудыруы мүмкін – кең таралған суық тигізуден бастап ауыр жіті респираторлық синдромға (АЖРС, "атиптік пневмония") дейін, сондай-ақ ас қорыту жолының қабыну процесі кіреді.
Коронавирустық инфекцияның үлесіне барлық ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) жағдайының 4-тен 20% - ға дейін келеді.
Коронавирус – бұл РНҚ-ның (рибонуклеин қышқылы) бір тізбекті молекуласы бар сфералық түрдегі микробтар. Олардың күн тұтынуы кезіндегі тәжге ұқсайтын, сирек тікенекті немесе түкті қабығы бар. Атауы да осы жерден шығуы мүмкін – коронавирус.
Коронавирустар клетканың ішіне еніп, цитоплазмада (жасушаның жартылай сұйық заты) көбейеді. Олар иммуноқабілетті жасушаларда тұрақтап, оларды тасымалдау құралы ретінде пайдаланады және бүкіл ағзаға тез таралады. Коронавирустар иммунитетті басады, сондықтан олар инфекцияны тануды және онымен күресті тоқтатады. Бұл вирустар сыртқы факторлардың әсеріне тұрақсыз және 56 градус температурада бірден бұзылады.
Коронавирусты тудыратын инфекцияның басым түрі – респираторлық. Ішектік түрі сирек кездеседі, көбінесе балаларда болуы мүмкін. Вирустың әсерінен пайда болатын ЖРВИ, әдетте бірнеше күн бойы созылып, толық сауығумен аяқталады. Алайда, кейбір жағдайларда ол атипті пневмония немесе ауыр жіті респираторлық синдромы (АЖРС) формасына айналуы мүмкін. Бұл патология өлім-жітімнің жоғары көрсеткішімен сипатталады (38%), себебі жіті тыныс алу жетіспеушілігі қатар жүреді.
Коронавирустық инфекция барлық жерде таралған және жыл бойы қыста және ерте көктемде ауру санының күрт өсуімен, оның эпидемиялық маңыздылығы 15,0% - дан 33,7% - ға дейін ауытқыған кезде тіркеледі. Балалар ересектерге қарағанда 5-7 есе жиі ауырады. Инфекция ауа-тамшы, нәжіс-ауыз және байланыс жолымен таралады. Инфекция көзі – аурудың клиникалық айқын көрінген немесе көрінбейтін түрі бар науқастар болып табылады.
Коронавирустық инфекция қоздыратын аурудың инкубациялық кезеңі түріне байланысты және 3-тен 14 күнге дейін созылады.
Емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі, ал емдеу принциптері басқа респираторлық вирустық инфекциялар сияқты. Клиникалық симптомдардың байқалуына байланысты, интоксикация симптомдарын төмендететін препараттар, мұрынға тамызатын тамшылар тағайындалады. Тамақ ауыруы кезінде тамақты шаю ұсынылады.
Ауырып болғаннан кейін иммунитет әлсірейді, қайталанған инфекциядан қорғай алмайды.
Коронавирус алғаш рет 1965 жылы жіті респираторлық аурумен ауырған адамнан бөлініп шыққан. Коронавирустардың көптеген түрлері табиғатта кеңінен таралған, жануарларда әртүрлі жұқпалы патологияларды тудырады.
Қазір коронавирус тұқымдастарының 30-дан астам түрі бар. Ол үнемі толықтырылып отырады.
Адамда жіті респираторлық инфекцияны коронавирустардың төрт түрі тудырады: 229E, OC43, NL63, HKUI, көбінесе жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зақымдануымен, сирек жағдайларда төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларымен байқалады.
XX ғасырда коронавирустар адам мен жануарлардың жіті респираторлық ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі болды, алайда аса қауіпті вирустық инфекциялар қатарына жатқызылмаған. Қазіргі уақытта коронавирустар тұқымдастарында адамдарда ауыр респираторлық инфекцияны тудыратын вирустың екі түрін бар: SARS-Cov (Severe acute respiratory syndrome coronavirus немесе ауыр жіті респираторлық синдром тудыратын АЖРС-коронавирусы) және MERS-Cov (Middle East respiratory syndrome coronavirus, немесе ТРСК-коронавирусы, немесе бұл ретте, нақты бір мамандар мен қызметкерлердің лауазымдық міндеттері осы саладағы уәкілетті органмен белгіленеді. Коронавирус АЖРС 2003 жылы әлемнің 33 елінде індет тудырған (ауырғандардың ең көп саны Қытайда, Сингапурда және Канадада тіркелген), сырқаттанғандардың жалпы саны 7761 адам, олардың 623-індет өлім-жітіммен аяқталды. SARS-Cov вирусы адамнан адамға оңай беріледі. 2012 жылғы қыркүйектен бастап Таяу Шығыста MERS-Cov коронавирусынан туындаған жаңа инфекция жағдайлары тіркеледі, ДДҰ мәліметтері бойынша өлім-жітім шамамен 43%-ды құрайды. Адамдар түйемен немесе үй шаруашылығында қоршаған орта объектілерімен байланыста болған кезде, сондай-ақ мал шаруашылығы фермаларына барған кезде ауруды жұқтырған деп болжайды. MERS-Cov вирусының жақын және ұзақ уақыт байланыста болған жағдайда адамнан адамға жұқтыру мүмкіндігі расталған, бұл өз кезегінде, адамзат популяциясындағы ауруханаішілік инфекцияның өршуін тудыруы мүмкін. Екі вирустың да табиғи резервуары – жарқанаттар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерге Қытайда таралған коронавирусқа төтеп беруге дайын болуды ұсынады, себебі ауру кез келген елде пайда болуы мүмкін

Материал РИА Новости ақпараты және ашық деректер негізінде дайындалған

Аурухана серіктестері