Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

ДҮНИЕЖҮЖІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

  09.04.2026
ДҮНИЕЖҮЖІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

2026 жылғы 7 сәуірде ҚР ПІБ МОА-да Дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған «Сергіту сәті» және «Салауатты мәзір күні» акциялары өткізілді.

Іс-шара аясында екі негізгі бастама жүзеге асырылды: «Сергіту сәті» және «Салауатты мәзір күні».

6 сәуірде жалпы лездеме кезінде Аурухана қызметкерлеріне арналған таңғы жаттығу өтті. Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушысының жетекшілігімен қатысушылар бұлшықет кернеуін басуға арналған жаттығулар кешенін орындады. Шара барысында фото және видео түсірілім жүргізіліп, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды (сілтеме).

7 сәуірде акция эстафета форматында жалғасты:

  • Аурухананың орталық галереясында қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен жалпы жаттығу жасалды. Акцияның әрбір қатысушысына дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және аурулардың алдын алу бойынша үлестірме материалдар (жадынамалар, буклеттер, брошюралар) берілді.
  • Сонымен қатар, ҚР ПІБ МОА барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ ҚР министрліктері мен ведомстволарында қызметкерлер жұмыс орындарында бес минуттық өндірістік гимнастикаға қатысты.
  • Күні бойы буфеттер мен ас блоктарында теңгерімді тамақтану қағидаттарына негізделген «Салауатты мәзір» ұйымдастырылды: көкөністер мен жемістердің, дәнді дақылдар мен пайдалы ақуыздардың мөлшері арттырылып, тұз бен қант шектелді, қуырылған тағамдар мен майонезді салаттар мәзірден алынып тасталды.

Іс-шара қатысушылар тарапынан оң пікірге ие болып, ұжымдарда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізді.

Акция қорытындысы бойынша қызметкерлердің күнделікті физикалық белсенділік пен саналы тамақтану дағдыларына қызығушылығы артқаны байқалады.

Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР ПІБ МОА алдағы профилактикалық және сауықтыру бастамалары аясында жалғасын табатын болады.


Аурухана серіктестері