Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

COVID-19-ға ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ҚАҒИДАЛАРЫНДА 2022 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

  26.01.2022

COVID-19-ға ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ҚАҒИДАЛАРЫНДА 2022 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

«Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 05-05/12 қаулысынаа сәйкес, КВИ-ге қарсы бірқатар профилактикалық шаралар, оның ішінде вакцинация мен ревакцинация да қарастырылған:  

1. Комирнати вакцинасын (Pfizer, АҚШ) алуға жүкті әйелдер мен бала 2 жасқа толғанға дейін лактация кезінде босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейінгі (42 күннен соң) әйелдер жатады.
Жүкті әйел жүктілікке дейін немесе жүктіліктің алғашқы 12 аптасында вакцинаның бірінші дозасын алған жағдайларда, екінші компонентті алу жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін ұсынылады.
Жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алған жағдайларда, вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен соң салынады.
Екі екпе арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптаны құрайды.  

2. Жүктілікке дейін КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған әйелдер   вакцинацияның бастапқы курсы жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейінгі кезеңде Комирнати вакцинасының (Pfizer, АҚШ) бір дозасымен аяқталады.  

3. КВИ-ге қарсы вакцинацияға жатпайтындар:
- тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар;
- КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар.  

4. Жіті жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бар адамдарды вакцинациялау сауыққаннан немесе ремиссиядан соң 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцинация денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргеннен кейін жүргізіледі.  

5. Жұқпалы ауруы, оның ішінде КВИ бар науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар карантиндік кезең аяқталғаннан кейін егіледі.  

6. Вакцинация алдында КВИ-ге қарсы антиденелердің бар-жоғына скрининг (ИФА және ПТР зерттеу) жүргізілмейді.  

7. КВИ кез келген түрімен ауырған адамдар сауығып кеткеннен кейін 6 айдан соң және вакцинация алдында жағдайы бағалауды ескере отырып, толық егіледі. Сонымен қатар, сауығып кеткеннен кейін 3 айдан соң вакцина алуға рұқсат етіледі.  

8. КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдарды екінші дозамен вакцинациялау сауығудан кейін 90 күннен соң жүргізіледі.  

9. Екінші доза уақтылы салынбаған жағдайда вакцинация курсын қайта бастау ұсынылмайды, жетіспейтін доза егіледі.  

10. КВИ-ге қарсы вакцинация қатаң түрде жеке куәлікпен жүргізіледі. Вакцинацияға келген адамдар медициналық маскада болуы керек.  

Ревакцинация бойынша: 

Тіркелген контингентті КВИ-ге қарсы ревакцинациялау вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакциналардың барлық түрлерімен (инактивтендірілген вакцина, векторлық вакцина, мРНҚ вакцина) бір рет жүзеге асырылады:

  • вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 айдан соң;
  • КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинацияның толық курсын алған және КВИ-мен ауырып, сосын сауыққан адамдар, вакцинация алдындағы жағдайды бағалауды ескере отырып, 6 айдан кейін;
  • жүктіліктің 16-дан 37 аптасы аралығындағы кезеңде Комирнати (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, бұрын КВИ-ға қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдер;
  • босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан бастап (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін Комирнати (Pfizer) вакцинасын қолданумен лактация кезеңіндегі әйелдер;
  • Комирнати вакцинасын (Pfizer) қолдана отырып 60 және 60-тан асқан адамдар.
Егер COVID-19-ға қарсы вакцинацияға немесе ревакцинацияға қатысты сұрақтарыңыз болса, учаскелік дәрігерге немесе +7 (7172) 70-80-90 телефоны бойынша Call – center-ге хабарласыңыз.


Аурухана серіктестері