Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

COVID -19-ға қарсы ВАКЦИНАЛАУДАН КЕЙІН ПАЦИЕНТКЕ ҰСЫНЫСТАР

  16.04.2021

Covid-19-ға қарсы вакциналаудан кейін бірнеше негізгі ережелерді сақтау маңызды:

  • Вакциналаудан кейін пациент 30 минут бойы медициналық персоналдың бақылауында болуы қажет.

  • Вакциналаудан кейін 3 күн ішінде инъекция орнын суламаңыз, моншаға, саунаға бармаңыз, шамадан тыс физикалық күш салудан аулақ болыңыз, алкоголь ішпеңіз.

  • Вакциналау орны қызарса, ісінсе, ауырса антигистамин қабылдаңыз. Вакциналаудан кейін дене қызуы көтерілсе — стероид емес қабынуға қарсы препараттар қолданыңыз.

  • Вакциналаудың бірінші және екінші кезеңінен кейін адамдармен қарым-қатынасты азайтып, барлық алдын-алу шараларын сақтау керек, өйткені иммунитет біртіндеп дамиды. Бір дозаның иммундық жүйеге жеткілікті әсер ететіндігі туралы сенімді дәлел жоқ, тіпті толық вакциналау вирустың таралуы мен берілуінің 100% алдын ала алмайды.

 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Вакциналау ауыр ағымнан және көптеген жағдайларда аурудан сенімді қорғайды, бірақ вакцинацияланған адам жұқтырған жағдайда инфекцияны қорғалмаған адамдарға береді. Бұл жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтау (маска кию, қолды жуу және өңдеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау) жақындарыңыз бен айналаңыздағыларды инфекцияны ықтимал жұқтырудан қорғайды.

 

Вакциналаудан кейінгі кезеңге қатысты туындаған сұрақтар бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну немесе ҚР ПІБ МОА-ға тіркелген болсаңыз, Саll-center +7(7172)70-80-90 нөміріне қоңырау шалу ұсынылады.


Аурухана серіктестері