Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Биотин - оның организмдегі рөлі

  24.07.2024
Биотин - оның организмдегі рөлі

Биотин - В7 дәрумені немесе Н дәрумені ретінде белгілі, суда еритін органикалық зат В тобының дәрумендеріне жатады.

Көптеген тағамдардың құрамында көмірсулар мен май алмасуына қатысады, қантты диабет, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуын болдырмайды, нерв жүйесін қолдайды. Биотин бірқатар биохимиялық реакцияларға жауап береді, ас қорыту, иммундық, нерв, репродуктивті жүйелердің жұмыс істеуін жақсартады және гемоглобинді өндіру үшін маңызды, тербездердің жұмысын қалпына келтіреді. Биотинсіз В тобының дәрумені дұрыс сіңірілмейді.

Дерматологиялық проблема болғанда: себореялық дерматит, безеу, қайызғақта тиімді. Ол тері мен шаштың құрылымын жақсартады, тырнақ пластинасын нығайтады және «сұлулық дәрумені» деп аталады. Егер органзимде жетіспеушілік пайда болса, онда бұл ағзалар бірінші кезекте зардап шегеді.

Сау ішек микрофлорасы бар адамдарда биотин үнемі өндіріледі. Дәрумен тапшылығы антибиотиктермен жиі емдегенде, асқазан-ішек ауруларында, химиотерапия алғанда және микрофлораның төмендеуіне әкелетін басқа жағдайларда жиі емделу кезінде байқалады. Өсіп келе жатқан баланың организмінде қоректік заттарға қажеттіліктің жоғарылауына байланысты жүкті әйелдерде биотиннің жетіспеушілігін байқауға болады.

Спиртті ішімдіктерді жиі тұтыну В7 дәруменінің өндірісін баяулатады.

Биотин тапшылығының белгілері:

  • құрғақ, қабыршақ тері
  • теріде, әсіресе бетте қызыл бөртпелер
  • көздің құрғауы
  • сынғыш, түсетін шаш
  • шаршау, ұйқысыздық немесе ұйқының бұзылуы
  • тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы
  • қол мен аяқтың күю сезімі немесе шаншу, бұлшықеттердің ауыруы
  • ауыз қуысындағы жарықтар
  • жүрудің қиындауы
  • шаштың ерте ағаруы, анемия және депрессия

Биотин деңгейін сақтау және қалпына келтіру үшін келесі тағамдарды тұтыну ұсынылады:

  • жұмыртқаның сарысы биотин мөлшері бойынша көшбасшы
  • бауыр, жүрек
  • жаңғақтар мен бұршақ дақылдары
  • жылтыратылмаған күріш
  • маусымдық жидек-жеміс
  • теңіз балығы, уылдырық
  • шпинат көк, пияз, гүлді қырыққабат

Жануарлардан алынатын биотин организмге оңай сіңбейді, өйткені ол нәруызбен бірігеді. Толық сіңуі үшін оны магниймен бірге қабылдаған дұрыс. Егер организмде магний тапшылығы болса, биотиннің жоғары дозасының өзі сіңбейді.

Егер рационда В7 дәруменіне бай тағам көп болса, биотиннің артық дозалануы екіталай. Бұл тіндерде жиналмайтын суда еритін зат, артығы зәрмен шығады. Биотинді қабылдау кезінде жанама әсерлер байқалмады. Анда-санда тері қызарып, кейде қышып, аллергиялық реакциялар мүмкін. Мұндай көріністер антиаллергиялық дәрі-дәрмектерді қосымша қолдануды қажет етпейді және өздігінен тез шешіледі.

Адамға орташа есеппен тәулігіне 30-50 мкг биотин қажет. Тырнақ пен шашта проблема болса, тәуліктік дозаны 2,5 мг-ға дейін арттыруға болады. Шаш түскен жағдайда биотин курсы кем дегенде 4 апта болуы керек.

Сондықтан оңтайлы дозаны дененің күйіне және қойылған міндеттерге назар аудара отырып, дәрігер тағайындауы керек.

  • Биотиннің тәуліктік дозасын 2 рет қабылдауға бөліп, тамақпен бірге ішкен дұрыс.
  • Оны құрысқаққа қарсы дәрілік затпен, мырыш препараттарымен, пантотен қышқылымен бірге қабылдауға болмайды.
  • Биотинді қабылдау кезінде тауықтың шикі жұмыртқасы мен алкогольден аулақ болыңыз.

Назар аударыңыз!

Бұл препаратқа немесе В тобындағы суда еритін басқа дәруменге жеке төзбеушілік болған жағдайда, биотин қолдануға болмайды


Аурухана серіктестері