логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

"БАРЛЫҒЫ ҮШІН ИММУНДАУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ - БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА".

  28.04.2025
"БАРЛЫҒЫ ҮШІН ИММУНДАУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ - БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА".

2025 Ж. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ.

Мұндай ұранмен 2025 жылдың 24-30 сәуірі аралығында бүкіл әлемде Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді.

Іс-шараның мақсаты: балаларды, жасөспірімдерді, ересектерді және олардың әлеуметтік ортасын вакцинамен басқарылатын аурулардан қорғау ауқымын кеңейту.

Вакцинаны ойлап табу – адамзаттың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бір адамды вакцинациялау басқа адамдардың қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Вакцина аурудың таралуын азайтады және өмірді ұзартады.

Маңызды фактілер:

  • Иммундау 1974 жылдан бастап әр минут сайын алты адамның өліміне жол бермейді.
  • Вакцина адамды өмірге қауіп төндіретін 30-дан астам аурудан қорғайды.
  • Соңғы 50 жылда вакцина қолданудың арқасында 154 миллионға жуық адамның өмірі сақталды.
  • Бұл 50 жыл ішінде вакцинацияның нәрестелердің өмір сүру деңгейін жақсартуға қосқан үлесі 40% құрады және қазіргі уақытта балалар өздерінің алғашқы және кейінгі туған күніне дейін өмір сүреді.
  • Тек қызылшаға қарсы вакцинаны қолданудың өзі иммундау арқылы құтқарылған балалардың өмірінің 60% сақтауға мүмкіндік берді.

Өмірді одан әрі құтқару мүддесі үшін бұл жетістіктерді дамыту қажет. Болашақта иммундау вакцинаның бірде-бір дозасын алмаған миллиондаған баланы (м - н, 2023 ж. қызылшаға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 22 миллион бала жіберіп алды) қамтып қана қоймай, аға буынды тұмаудан, сәбилерді безгектен және респираторлық-синцитиалды вирустан, жүкті әйелдерді сіреспеден, ал жас қыздарды адам папилломавирусынан қорғауы керек.

Вакцинация - табандылық адамдардың өмірі үшін ауруларға тосқауыл қоюға қалай көмектесетінінің мысалы.

Есіңізде болсын! Профилактикалық егулерді ұсынылған жиілікпен уақтылы жасау маңызды. Инфекцияның өршуін күтуге болмайды.


Аурухана серіктестері