Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

ҚАНТ ДИАБЕТІ. Себептері, белгілері, алдын-алу

  14.11.2025
ҚАНТ ДИАБЕТІ. Себептері, белгілері, алдын-алу

Қант диабеті (ҚД) – бұл ұйқы безінің жеткілікті мөлшерде инсулин өндіруінің бұзылуына байланысты немесе организм өзі өндірген инсулинді қолдана алмаған жағдайда дамитын созылмалы ауру.

Инсулин – қандағы глюкозаны реттейтін гормон.

ҚД негізгі 2 түрі бар - 1 және 2, сондай-ақ жүкті әйелдерде оның гестациялық түрі / диабеті кездеседі.

1 типті ҚД (инсулинге тәуелді) – көбінесе балалар мен жасөспірімдерде дамиды, бірақ кез-келген басқа жаста ауру дамуын жоққа шығаруға болмайды. Ол организмнің иммундық жүйесі инсулин шығаратын ұйқы безі жасушаларын бұзуына байланысты дамиды. Бұл жағдайда ұйқы безі инсулин шығара алмайды және көмірсуларға бай тағамды қабылдағаннан кейін қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі.

2 типті ҚД (инсулинге тәуелсіз) – 1 типті ҚД қарағанда 4 есе жиі кездеседі және әдетте 40 жастан асқан адамдарда дамиды. Бұл жағдайда организмде инсулин аса жоғары мөлшерде өндіріледі, бірақ оған организм жасушаларының сезімталдығының бұзылуына байланысты тиісті әсер етпейді.

Белгілері

  • құрғақ тері, аздап қабыршақтану, аздап қышу
  • шөлдеу және ауыздың құрғауы
  • жиі зәр шығару
  • тәбеттің артуы
  • салмақ тастау

ҚД-нің бұл белгілері міндетті түрде тұтас көрінбейді, көбінесе олар мүлдем болмауы мүмкін.

ҚД дамуының негізгі себептері

  • артық дене салмағы
  • көп қозғалыссыз өмір салты
  • рационалды емес тамақтану
  • тұқым қуалаушылық
  • стресс, ұзақ мерзімді шамадан тыс жүктеме
  • жас ерекшелігі – 40-жастан асқан
  • артериялық гипертония

Салауатты өмір салтын сақтаудың қарапайым шаралары екінші типтегі қант диабетінің алдын алу немесе кешіктіру үшін тиімді болып табылады:

  • дененің оңтайлы салмағын сақтау (ДСИ=18-25)
  • физикалық белсенді болу (кем дегенде күніне 30 минут жаттығу)
  • дұрыс тамақтану (қарапайым көмірсулар, қаныққан майлар мен тұзды аз тұтыну)
  • темекі мен алкогольді тұтынудан бас тарту
  • эмоциялар мен стрессті басқару

Есіңізде болсын! Ауру неғұрлым ерте анықталса, қолайлы нәтиже алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. ҚД алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну керек.



Аурухана серіктестері