логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Ана сүтінің күші: ана мен бала үшін артықшылығы»

  26.08.2024
«Ана сүтінің күші: ана мен бала үшін артықшылығы»

Жаңа туған нәресте өсіп, үйлесімді дамуы үшін ана сүтінен барлық қажетті қоректік заттарды алады. Дәл осы тамақтандыру әдісі ең толық, қауіпсіз, ыңғайлы және үнемді.

Ана сүтімен қоректендірудің артықшылығы

ана үшін

нәресте үшін

  • Босанғаннан кейін жатырдан қан кету қаупін азайтып, жатырдың көлемінің кішіреюін жеделдететін окситоциннің бөлінуін ынталандырады
  • Бала организміне оңай қорытылады және сіңеді, ас қорытудың арнайы ферменттері бар.
  • Контрацептивтік әсері бар пролактин гормонының деңгейін жоғарылатады.
  • Ана сүтіндегі әртүрлі олигосахаридтер мен бифидобактериялар адекватты иммундық жауапты қалыптастыру үшін қажет нәресте ішектерінде қалыпты микрофлораның өсуіне ықпал етеді.
  • Ананың дене салмағын азайтуға көмектеседі (артық болса).
  • Ана сүтінде инфекциялардан қорғайтын дайын иммундық жасушалар (макрофагтар мен лейкоциттер) бар.
  • Сүт безі мен аналық без обырының даму қаупі төмендейді.
  • Тыныс алу және аллергиялық аурулардың даму қаупін азайтады
  • Ананың психоэмоционалдық жағдайын жақсарту, балаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
  • Баланың орталық нерв жүйесінің қалыптасуына, оның интеллектісі мен психикалық жағдайына жақсы әсер етеді.
  • Тамақты дайындауға уақыт бөлінбейді немесе қосымша қиындықты қажет етпейді. Балаға арналған тағам әрқашан қолында және тамақтандыруға дайын (жылы, таза).
  • Құрамында гормондар мен өсу факторлары метаболизмдік аурулардың (семіздік, гипертония, атеросклероз, қантты диабет), онкологиялық және басқа да қауіпті аурулардың ересек жастағы даму қаупін азайтуға көмектеседі.

Нәрлі және қауіпсіз тамақтанудан басқа, емізу ана мен бала арасындағы ерекше эмоционалды байланысты қамтамасыз етеді

Сәтті емізудің негізгі қағидаттары

  • Нәрестені бірден кеудеге жатқызу (туғаннан кейін 1 сағат ішінде)
  • Перзентханада баланың анасымен бірге болуы
  • Нәрестені кеудеге дұрыс қою
  • Сұраныс бойынша тамақтандыру (соның ішінде түнде)
  • 6 айға дейін тек қана емізу
  • 1,5-2 жасқа дейін емізу

Лактация дағдарысы -3-4 күнге созылатын және қайтымды (көбінесе 3-6 аптада пайда болатын) ешқандай себепсіз сүт мөлшерінің уақытша төмендеуі.  Бұл кезеңде анаға қосымша демалу, нәрестемен етене байланыс қажет, нәрестені кеудеге жиі басу лактацияны ынталандырады.

Есіңізде болсын! Ана сүтімен емізу – табиғаттан берілген сый және дені сау нәресте мен ананың негізі


Аурухана серіктестері