Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

  20.01.2023
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

Көктайғақ – қатпарланған қатты мұз немесе қар қабаты. Көбінесе жолдың жүргін бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болады.

Қыста барлық жол көлігі апаттарының 40%-ға жуығы көктайғақ пен қалың қардың салдарынан болады. Жүргізушілер үшін қозғалыстың басты шарты – баяу жылдамдық, ұқыптылық және аса сақтық.

Көктайғақ кезінде жарақат алғандар, буыны шыққан және cүек сындырған жаяу жүргіншілер саны 2 немесе одан да көп есеге артады.

Құлау қаупін қалай азайтуға болады?

Көктайғақ кезіндегі негізгі қауіпсіздік қағидалары:

1. Тайғанамайтын аяқ киім кию. Табаны бұдырлы аяқ киім таңдаңыз, биік өкшелі аяқ киім кимеңіз.

2. Аяқ астына қарап жүріңіз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз, егер мұзды айналып өту мүмкін болмаса, онда қадамыңызды жаймен сырғанатып басыңыз.

3. Табанға толық қадам басыңыз, аяғыңызды тізеден сәл босаңсытыңыз.

4. Көлбеу тайғақ жерлермен жүрмеңіз.

5. Қолыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз - бұл құлау ықтималдығын арттырады.

6. Егде жастағы адамдар және белгілі бір мүмкіндігі шектеулі адамдар ұшына резеңке қойылған таяқ немесе ұшы үшкір арнайы таяқ ұстап жүргені жөн.

7. Тайып кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін бірден отыра қалыңыз.

8. Құлаған кезде аяқ-қолыңызды жинап, жерге домалап жұмсақ түсуге тырысыңыз.

9. Қолыңыздағы заттарды құлатпай сақтап қалуға тырыспаңыз.

10. Бірден тұруға асықпаңыз, алдымен ауыр жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, содан кейін өтіп бара жатқандардан көмек сұраңыз.

Есіңізде болсын! Әсіресе шалқадан құлау өте қауіпті, өйткені басты соғып, ми шайқалу қаупі бар. Ауыр жарақат алсаңыз, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз.


Аурухана серіктестері