логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«АҒАРТУ. СЕНДІРУ. ҚАЗІР ӘРЕКЕТ ЕТУ» /EDUCATE. ADVOCATE. ACT NOW. /

  18.11.2024
«АҒАРТУ. СЕНДІРУ. ҚАЗІР ӘРЕКЕТ ЕТУ»  /EDUCATE. ADVOCATE. ACT NOW. /

«Ағарту. Сендіру. Қазір әрекет ету» - ДДҰ биылғы жылы микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру апталығының тақырыбын осылай тұжырымдады (2024 жылғы 18-24 қараша).

Бұл жаһандық ақпараттық-түсіндіру науқанының мақсаты – қоғамның осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру, түсінігін тереңдету.

Микробқа қарсы препараттарға төзімділік - бұл жағдайда микробқа қарсы препараттар бактерия, вирус, саңырауқұлақ пен паразиттерге әсер ете алмайды, яғни антибиотиктер мен басқа препараттар тиімсіз болады. Нәтижесінде инфекцияны емдеу қиынға түседі немесе мүлдем емделмейді, бұл аурудың таралуы, олардың ауыр ағымы немесе олардың салдарынан өлімге әкелу қаупін арттырады.

Төменде келтірілген антибиотиктерді қабылдау қағидаларын біле отырып, антибиотиктерді және басқа микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолданбаудың жағымсыз салдарының алдын алуға болады.

Антибиотиктерді қабылдау ережелері


Аурухана серіктестері