Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

  01.04.2019

"Пациентке қажетті қызметтер оған тиімсіз қаржылық ауыртпалыққа айналмайтын медициналық-санитарлық қызметтермен жаппай қамту тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін негіз болып табылады. "Денсаулық баршаға" орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған күш-жігерді тарту орталығы болуы тиіс, өйткені адамдар сау болса - олардың отбасылары, қоғамдастары мен елдері көркейеді. Бізді алда ұзақ жол күтуде. Биылғы жылы әлемде 400 миллион адам, яғни әрбір он жетінші адам медициналық көмектің негізгі түрлеріне әлі де қол жеткізе алмайды".

Д-р Тедрос, ДДҰ бас директоры

7 сәуірде барлық прогрессивті адамзат 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Дәл осы күні 1948 жылы ДДҰ Жарғысы күшіне енді.

Өткен жылдағыдай Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы "Universal health coverage – денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту: барлығы үшін және барлық жерде" болып табылады. Іс-шараның ұраны: "Денсаулық баршаға".

Сау болу - бұл тұтас ғылым және оның бағыттарының бірі - денсаулық мәдениетін қалыптастыру: физикалық, рухани, әлеуметтік жетілу. Осыған байланысты адам өзін құруы керек: сау болу және өмірдегі өз жолын табу. Адамның өсуі мен дамуы денсаулық деңгейін диагностикалаумен, салауатты тамақтану мен дене белсенділігіне бейімділікпен, зиянды әдеттердің болмауымен сүйемелденуі тиіс. Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық.

Халықтың денсаулығы - тек медициналық ұғым ғана емес. Адамдардың денсаулық жағдайының деңгейі денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету деңгейіне тек 8-10%-ға байланысты екені анықталды. Қалғаны көптеген басқа факторлардан қалыптасады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, тарихи қалыптасқан мінез-құлық дәстүрлерінен, тамақтану мәдениетінен, тұқым қуалаушылықтан және адамдардың өзіне, өз денсаулығына деген қатынасынан. ҚР-да бұл мәселенің ауқымдылығы бұрыннан белгілі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көптеген адамдар дені сау болу беделді, спортпен айналысу сәнді, дұрыс тамақтану екенін түсінді. Жастардың басым бөлігі өз денсаулығын сақтауды өмірлік басымдықтардың бірі деп санайды, себебі салауатты өмір салты - бұл пайдалы және сәнді, ал қазіргі заманғы өмір салты - зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты басымдықтар мен имидж.

7 сәуірде Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға арналған ауқымды және ұзақ мерзімді науқан басталады. "Денсаулық баршаға" осы науқанның және ДДҰ қызметінің жетекші принципі болып табылады. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту дегеніміз не?

Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтудың мақсаты барлық адамдардың жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табыстарына қарамастан оларға қажетті медициналық қызметтерді алуын және олардың төлеміне байланысты қаржылық қиындықтарды бастан кешпеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мақсаттарға Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі қызметтер, халыққа тегін ұсынылатын ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде жүргізілетін профилактикалық медициналық тексерулер жауап береді.


Аурухана серіктестері