Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күн

  18.05.2023
31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күн

Жыл сайын 31 мамырда ДДҰ мен серіктестер Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді, бұл темекі тұтыну салдарынан денсаулыққа қауіп-қатерлерге және темекі тұтынуды азайту саясатының тиімді шараларына назар аударатын күн. Биыл ДДҰ әлем тұрғындарына темекі емес, азық-түлік өсіруді насихаттайды. ДДҰ 1987 жылы әлемнің назарын темекі эпидемиясына және оның өлімге әкелетін салдарынаа аудару үшін Дүниежүзілік темекісіз күнді белгіледі. Темекі өсіру біздің денсаулығымызға, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің денсаулығына және планетаның жай-күйіне зиян тигізеді. Темекі өнеркәсібі темекіні басқа дақылдармен алмастыруға кедергі келтіріп отыр, бұл әлемдік азық-түліктің дағдарысқа ұшырауына ықпал етеді. Қазіргі науқан үкіметті темекі шаруашылығын субсидиялаудан бас тартуға және үнемделген қаражатты ауылшаруашылық кәсіпорындарына азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және адамдардың тамақтануын жақсартуға мүмкіндік беретін тұрақты дақылдарға көшуге көмектесу қажеттілігіне бағыттауға үгіттеуге арналған.

Науқанның мақсаттары

  1. Үкіметті темекі дақылдарын өсіруге арналған субсидиялардан бас тартуыға және үнемделген қаражатты ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жаңа дақылдарды игеруге, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және тамақтануды жақсартуға көмектесу үшін егіс алқаптарын қайта бейіндеу бағдарламаларын іске асыруға бағыттауға үгіттеу.
  2. Темекі өсіруден тұрақты өнімді дақылдарды өсіруге көшудің артықшылықтары туралы темекі өсірумен айналысатын халықтың хабардарлығын арттыру.
  3. Шөлге айналумен және экологиялық жағдайдың нашарлауымен күресу мақсатында темекі шаруашылығының ауқымын қысқарту жөніндегі күш-жігерді қолдау.
  4. Темекі өнеркәсібінің экономикалық қызметтің тұрақты баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жұмысқа кедергі жасау әрекеттерін әшкерелеу.

Науқан табыстылығының негізгі көрсеткіші үкіметі темекі өсіруге субсидия бөлуді тоқтату туралы шешім қабылдайтын елдердің саны болады.

ДДҰ материалдары бойынша


Аурухана серіктестері