Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

28-ШІЛДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС КҮНІ!

  26.07.2019

Вирустық гепатиттер — кең таралған және қауіпті жұқпалы аурулар. Гепатиттің бірнеше вирустары бар: A, B, C, D (дельта), Е, G, TTV, SEN. Организмге түскен вирус бауырды зақымдайды, улы заттарды залалсыздандыру қабілетін жоғалтады, оның салдарынан зат алмасу, дәрумен балансы бұзылады.

Адамның иммунитеті патогенді жасушаларды анықтауға және жоюға бағдарламаланған. Иммундық тосқауыл неғұрлым көп болса, соғұрлым жасушалардың үлкен көлемін қысқа уақыт ішінде еңсере алады. Вирустармен күресте бауыр жұмысының бұзылуы күшейе түседі. Жіті гепатит осылай жүреді. 

Егер иммундық жауап дұрыс болса, адам ағзасы қоздырғышты өзі жоя алады,бұл толық сауығуға әкеледі. Бұл Е, А гепатиттеріне, сондай-ақ көптеген жағдайларда В вирусын жұқтырғандарға тән.

Иммундық жүйе гепатит жасушаларының алғашқы пайда болған кезінде жоя алмаса, онда вирус бауырда «орнығып», ауру созылмалы сипатқа ие болады. Бұл ауыр саты әдетте, С гепатитімен, кейде В вирустарымен зақымдануға тән.

Вирусты гепатиттер кезінде жұқтыру көзі – науқас адам немесе вирусты тасымалдаушы. Сарғаюсыз, аурудың жеңіл немесе жойылған түрлерімен ауыратын науқастар аса қауіпті.

А және Е гепатитінің вирустары ластанған өнімдермен және сумен, лас қол арқылы ішек инфекциялары сияқты беріледі. Бұл вирустар ауру ағзасынан нәжіс арқылы бөлініп, су мен топыраққа жұғады, лас адамның қолына тие отырып, содан кейін тұрмыстық заттарға және тамаққа түседі. Мұнда аурудың маусымдылығы (жаздың соңы мен күз) тән.

В, С және D, сондай-ақ G және TTV вирустық гепатитінде вирустар ағзадан ішек арқылы бөлінбейді, олар қанға түсіп, ауру кезінде, кейде өмір бойы айналыста болады.

ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Гепатиттің барлық түрлері үшін жалпы нормалар мен ережелер бар, оларды сақтау патогенді жасушалардың ағзаға түсуін және аурудың дамуын болдырмауға көмектеседі.

a82344a3157ebd0279f2fc6f54fddbd4.jpg


Аурухана серіктестері