2016 жылғы 25-30 сәуірдегі Денсаулық мектебі бойынша ақпарат
25 мен 30 сәуір аралығында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында Денсаулық мектебінде кезекті сабақтар өтті. Сабақтарда: «Остеопорозды, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларын, қант диабетін, жүректің ишемиялық ауруларын, артериалды гипертензиясын алдын алу (аурулардың себептері, белгілері, диагностика, профилактика, емдеу), салауатты өмір салтын, тиімді тамақтану принциптері» тақырыптары қарастырылады. .
30 сәуірде «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебінде жоғары санаттағы дәрігер-инфекционист Г.Т. Шаяхметова пациенттермен вирустық гепатитті алдын алу бойынша сабақтарды өткізді. Ол аурудың туындау себептерін, аурудың клиникалық пайда болуын, профилактика әдістерін және емдеу принциптерін ашты.
Вирустық гепатит – әлемде аса таралған ауру. Шамамен 400 млн. адам – В гепатиті вирусын тасығыш, 700 млн. адамға дейін – С гепатитін тасығыштар.
Таратылу жолдары: жыныстық жолмен таратылу (34%), күре тамыр арқылы есірткі қабылдау кезінду (9%), байланыстық-тұрмыстық жолмен (9%), стоматологиялық емшаралар кезінде жұғу (6,6%), оперативтік араласу нәтижесінде жұқтыру (6,3%). Тік жолмен (анадан балаға) жұғу мүмкіндігі 80-90% құрайды.
Клиникалық белгілері: ауру жасырын түрде өтеді және науқас ол туралы білмейді. Аса тән белгілері: жүрек айнуы, тәбеттің төмен болуы, эпигастриядағы ауыртпалық, кекірік, ауызда ащы дәмнің болуы, қарынның қампаюы, іштің қатуы, терінің қышынуы, сары ауру, терінің пигментациясы, ксантелазмалар, несептің қараюы, үлкен дәреттің ағаруы.
А және Е вирустық гепатиттерін алдын алу:
Танымайтын бұлақ көздерінен суды ішпеу, тазалағы күмәнді су тоғандарында суға түспеу қажет. Бұл жазғы ыстық кезінде «көп адам баратын» жағажайларға, сондай-ақ, кәріз сулары ағатын су қоймаларына қатысты; элементарлық гигиеналық нормаларды сақтау және дәретханаға әрбір барған сайын, көшеден үйге кіргеннен кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу; жайларда тазалықты қолдау міндетті; жеке гигиена заттарында бір ие болуы тиіс, оны қоршаған ортадағы адамдармен бөлісуге болмайды; жер алдында жеміс-жидектерді таза ағын сумен дұрыстап жуу міндетті; ешқашан да тыңайтқыш ретінде компостерленбеген қиды қолдануға болмайды.
В және С парентералды гепатиттерді алдын алу:
-
тәртіп мәдениеті, аз танитын адамдармен жыныстық қатынасқа түскен кезде – міндетті түрде мүшеқапты пайдалану;
-
қанға клиникалық талдау жүргізген кезде бірреттік құралдардың болуы; құралдар мен аспаптарды пайдалануға және дезинфекциялауға медициналық қызметкерлердің тарапынан қатаң бақылау;
-
гигиенаның жеке заттарын уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады (қырынуға арналған ұстара, қайшы, маникюр жасауға арналған жинақ); донорлық қанның сапасын бақылау;
-
косметикалық, маникюрлық және тату-салондарында жабдықтарды дезинфекциялау.
Вакцинация жүргізу аса тиімді профилактика ретінде саналады!