1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ!
29.11.2019
Жыл сайын бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған (1 желтоқсан) АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Жүргізілетін науқанның МАҚСАТЫ: республиканың тұтас халқының, әсіресе жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде ББЗ-дан бас тарту, жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту жолымен хабардар болу деңгейін арттыру.