Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Денсаулық – адазаттың ең үлкен құндылығы.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі барлық сақтандырылғандардың жарна мөлшеріне қарамастан қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек-әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі.

Медициналық қызметтерді тұтынушы – осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға; аударымдар мен жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – осы Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жүзеге асыратын тұлғалар. Аударымдар – жұмыс берушілер қорға өз қаражаты есебінен төлейтін, аударымдар төленген медициналық қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мерзімі (бұдан әрі – сақтандыру мерзімі) - қатысу өтілі үзілгенде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығы сақталатын кезең.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оған сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.

Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар:

1) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке жүгінген айдың алдындағы соңғы он екі күнтізбелік ай үшін (осы кезеңде аударымдар мен жарналарда үзілістер болғанына қарамастан) кемінде екі ай аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған;

2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында резидентура нысанында күндізгі оқу нысаны бойынша оқу аяқталған жылдан кейінгі күнтізбелік он екі ай өткенге дейін білім алушылар;

3) қорға жарналар төлеуден босатылған.

Төлеушілердің қатысу өтілі үзілген жағдайда оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету сақтандыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген азаматтарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар, егер заңда өзгеше көзделмесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы көрсететін қызметтер:

  • Жоғары технологиялық медициналық көмек;
  • Республикалық медициналық ұйымдарда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
  • Маманның жолдамасы бойынша онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттер үшін диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлері (ПЭТ, БФЭКТ);
  • Стационарды алмастыратын хирургиялық медициналық көмек;
  • Амбулаториялық гемодиализ;
  • Күндізгі стационарда медициналық оңалту 3 кезең;
  • Тәуліктік стационарда медициналық оңалту 2 кезең.

Сақтандыру мәртебесін білу


Аурухана серіктестері