Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

YONSEI UNIVERSITY HEALTH SYSTEM, SEVERANCE HOSPITAL


Северанс госпиталі - Корея Республикасының үздік медициналық мекемелерінің бірі. Северанс клиникасы Кореяда маңыздылығы бойынша үздік 3 клиниканың құрамына кіреді.

Йонсей Университетінің денсаулық сақтау жүйесі келесілерден тұрады: Северанс ауруханасы (5 мамандандырылған аурухана, Халықаралық денсаулық сақтау орталығы, Северанс робототехника орталығы және MIS орталығы) және Синчондағы стоматологиялық аурухана (Сеул); Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Каннам ауданындағы Каннам Северанс ауруханасы (3 мамандандырылған аурухананы қоса) және Сеулдан алыс емес маңдағы спутник-қалаларда 2 жергілікті аурухана.

Төсек сыйымдылығы 2,5 мыңға жуық, барлығы 9827 қызметкер, оның ішінде 821 дәрігер. Жыл сайын 2,5 млн.астам пациент амбулаториялық ем, 840 мыңнан астам адам стационарлық ем алады.

Қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрсету үшін пациенттің құқықтары туралы билл (1993) заңын ұстанады және оны халықаралық сертификаттау (JCI) растайды.

Ауруханада Северанс госпиталіне ұқсас бөлімшенің «Check Up» бірлескен жобасы сәтті іске асырылды және жұмыс істеуде.

https://sev.severance.healthcare/sev/index.do


Аурухана серіктестері