BGI SHENZHEN CO., LTD ("BGI Group")
BGI – медициналық-биологиялық ғылымдар мен геномика саласындағы жетекші әлемдік ұйымдардың бірі. Компания 1999 жылы құрылған. BGI миссиясы – геномиканы адамзаттың пайдасына және өмір туралы ғылымдар дәуірінің көсбасшысы болу мақсатында пайдалану. BGI геномиканы дамытудың «зерттеу, өндіру және қолдану» үлгісін ұстанады. Дүниежүзінің 100-ден астам елінде және аймақтарында өндірістері бола тұра, BGI денсаулық сақтау, ресурстарды сақтау және сот қызметтерін қоса алғанда, пәнаралық зерттеулер салаларында мыңдаған әртүрлі ұйымдармен ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарын орнатты. Сонымен қатар, BGI ұлттық экономика мен халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін, дәлелді медицина мен денсаулық сақтау сияқты қажеттіліктерге арналған жабдықты, техникалық қолдауды және шешімдерді ұсынады. BGI жақсы өмір үшін транс-омикалық технологиялар туралы арманын жүзеге асыруға өзінің генетикалық және технологиялық жетістіктерін нақты әлемде қолдануға тырысады.