ACIBADEM Денсаулық сақтау тобы
ACIBADEM халықаралық клиникалар желісі өзінің медициналық тарихын Түркияның, Стамбул қаласының шағын аудандық клиникасы ретінде бастады. Бүгінгі таңда ACIBADEM — бұл 24 клиникадан, 14 медициналық орталықтан және қолдау компанияларынан тұратын Әлемдік денсаулық сақтау көшбасшылары арасында лайықты орын алған бренд. ACIBADEMнің қарқынды дамуы 2012 жылы IHH Healthcareмен бірлескен серіктестікке қол қоюға алып келді, ол өз кезегінде әлемдегі екінші ірі медициналық мекемелер желілерінің қатарында болуына мүмкіндік берді.
Клиниканың барлық топтары әлемдік стандарттарға сәйкес келіп қаңа қоймай, сонымен қатар олардың шеберлік орталықтарымен де ерекшеленеді. 11 онкологиялық орталық (хирургия, сәулелік терапия, химиотерапия), 16 жүрек орталығы (балалар мен ересектер кардиологиясы және кардиохирургия), 14 экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы (ЭКҰ), 10 мүшелерді трансплантациялау орталығы (бауыр, бүйрек, сүйек кемігі), 10 омыртқаны қалпына келтіру орталығы, FIFAмен аккредиттелген 3 спорттық медицина орталығы және 6 роботтандырылған хирургиялық орталық, олардың барлығы озық технологиялық жабдықтарының және өз салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар мамандардың арқасында ұлттық және халықаралық аккредиттелген және білікті орталықтардың қатарына кіреді.