логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ


«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ 2011 жылғы 12 қазанда құрылды.

Орталық - Орталық Азия өңіріндегі сапасы мен медициналық қызмет көрсету, сервис деңгейі бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, ғылыми-білім беру қызметі отандық және халықаралық деңгейде мойындалатын, қуатты кадрлық әлеуеті, тиімді корпоративтік және бизнеске бағдарланған басқаруы бар жетекші кардиохирургиялық орталық.

Орталықта тәулік бойы тіршілікті қамтамасыз ету мониторингімен 36 төсектік 6 операция және екі реанимация бөлімшесі бар. Орталықтың төсек сыйымдылығы 200 төсектен тұрады.

Орталықтың негізгі клиникалық бағыттары:

  • Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауын емдеу;
  • Жүректің ишемиялық ауруы;
  • Жүрек жеткіліксіздігі;
  • Жүрек ырғағының бұзылуы.

Орталық келесі бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетеді:

  • Кардиология;
  • Кардиохирургия;
  • Интервенциялық кардиология;
  • Интервенциялық аритмология;
  • Сәулелік диагностика (УДЗ, Рентген, Эхокардиография, МРТ, МСКТ);
  • Зертханалық диагностика.

https://heartcenter.kz/


Аурухана серіктестері