Халықаралық ынтымақтастық және баспасөз бөлімі
Бөлім туралы
Халықаралық ынтымақтастық және баспасөз бөлімі «Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімі» мен «Баспасөз» бірігуі арқылы құрылды және қайта құрылымдалды.
Бөлімнің басты мақсаты
Аурухананы серіктестік, жетекші шетелдік клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту арқылы үздік әлемдік тәжірибелер клиникасы ретінде позициялау.
Бөлімнің міндеттері
Шетелдік серіктес клиникалармен жасалған келісімдер шеңберінде жобаларды ұйымдастыру, іске асыру және әдістемелік сүйемелдеу, тараптардың келісімі мен уағдаластығы бойынша.
Медициналық туризмді дамыту.
Медициналық орталыққа тіркелген пациенттерді шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жолдау.
Қашықтан медициналық қызмет көрсетуді (телемедицина) ұйымдастыру, үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу.
Аурухананың қызметін ақпараттық сүйемелдеу, оның ішінде оң қоғамдық имидж қалыптастыру, ресми материалдарды дайындау және тарату, БАҚ-пен және баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл, бірлескен ақпараттық іс-шараларды өткізу.
Бөлім шетелдік және ұлттық клиникалармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіби қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен және дистрибьюторлармен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын:
Серіктес клиникамен медициналық көмектің әртүрлі бағыттары бойынша «толық дайын кейстерді» қалыптастыру және бірлесіп іске асыру: хирургиялық, терапиялық, диагностикалық, оның ішінде бірлескен жобаны әзірлеу және ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, білім мен практикалық дағдыларды беру.
Серіктес клиникалардың мамандарының келуін ұйымдастыру және БМЦ мамандарымен бірлесіп әртүрлі патологиясы бар пациенттерге БМЦ және серіктес клиникалар базасында, соның ішінде телемедицина арқылы кеңес беру және емдеу.
Тараптар арасында медициналық академиялық алмасуды қамтамасыз ету (бірлескен ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу, медициналық журналдарда бірлескен жарияланымдар).
Бөлім басқа елдердің медициналық туристеріне сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет алу үшін толық ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетеді.
Медициналық туризмді дамыту саласында халықаралық ұйымдармен және компаниялармен өзара іс-қимыл жасау және ұйымдастыру;
Медициналық туризмді дамыту мақсатында ақпараттық-медициналық турлар ұйымдастыру;
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және медициналық ұйымның танымалдығы мен имиджін арттыру үшін PR-қолдау көрсету.
Жарнамалық науқандар ұйымдастыру, медициналық туризм бойынша халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
- Медициналық қызмет көрсетудің ең үздік әлемдік тәжірибесін қолдану;
- Жақын және алыс шетелдерден үздік (топ) мамандарды тарту;
- Сапа деңгейін арттыру және жоғары сапа стандарттарына сәйкестік;
- Аурухана үшін инвестициялар мен гранттар тарту;
- Кәсіби дамуды іске асыру, кадрларды қайта даярлау сапасын және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Медициналық туристер санын прогрессивті арттыру.
Бөлім мамандары:
Қазбеков Қайрат Төреханұлы
Бөлім бастығы
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр(:)
Умралина Ақерке Сұлтанбековна
Бас маман
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МВА
«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: ++7 7172 70- 78-80 (65-26)
Асылбекова Құралай Қасымбекқызы
Жетекші маман
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7 7172 70-79-98
Ақдәулетов Әділхан Нұрланұлы
Жетекші маман
«Халықаралық экономика», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бакалавр
Телефон: +7-7172-70-87-47
Касымова Сауле Кунуспаевна
Жетекші маман
«Бағдарламалық инженерия» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7 7172 70-79-99
Естаева Гауhар Серикқызы
Жетекші маман
«Шығыстану» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7 7172 70-71-13
Алатаева Мадина Акатовна
Жетекші маман
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон:+7 7172 70-73-72
Әсемқан Гамзат Ермекұлы
Жетекші маман
«Дизайнер» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон +7 7172 70-72-40
Сегізбаева Ақзер Сегізбайқызы
Бас маман
«Журналистика» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон +7 7172 70-79-39
Саденова Перизат Галымжановна
Баспасөз хатшысы
«Журналистика» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7 7172 70-72-27
Байланыс деректері:
С2 блогы, 4-қабат, 9 кабинет
Телефон: +7-7172-70-80-14
Email: ccpk@bmc.mcudp.kz
L блогы, 6-қабат, 6.61 кабинет
Телефон: +7-7172-70-79-98
Email: international@bmc.mcudp.kz