логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Пациенттің онлайн (қашықтықтан) медициналық қызметтер (консультациялар) көрсетуге ақпараттық келісімі

Осы келісім «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360 – VI ҚРЗ Кодексінің 2-тарауы, 77-бабы, 3-тарауының 134 бабына сәйкес жасалды.

Мен телекоммуникация құралдары арқылы онлайн (қашықтықтан) медициналық қызметтер (консультациялар) көрсетуге келісемін.

Азаматтық Кодекстің 145-бабына және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес биометриялық және дербес деректерді (фото -, видеотуындылар, жеке ақпарат) жинауға, өңдеуге, сақтауға, жаңғыртуға және пайдалануға келісім беремін.

Мен келесілермен хабардар етілдім және келісетінімді растаймын:

1. Маған онлайн (қашықтықтан) медициналық қызметтер (консультациялар) көрсеткен кезде, бұрын қойылған диагноз болмаған кезде:

  • • Консультация беретін маман маған өтініштің мәні болып табылатын медициналық мәселелер бойынша жалпы анықтамалық ақпаратты ғана бере алады және бұл ақпарат медициналық ұйымға барған кезде емдеуші дәрігерге бетпе-бет қабылдауды алмастыра алмайды, соның салдарынан мен алған ақпаратты ешбір жағдайда өз бетімше емделу және диагностикалау үшін пайдалана алмаймын;
  • • онлайн (қашықтықтан) медициналық қызметтер (консультациялар) көрсету процесінде маған бар ауру туралы диагноз қойылмайды және емдеу тағайындалмайды. Мұндай жағдайда қызметтің мақсаты шағымдар мен анамнезді жинау, талдау, маған белгілі бір тексерулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныстар беру, сондай-ақ бетпе-бет қабылдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау болып табылады.

2. Маған бұрын қойылған диагноз болған кезде онлайн (қашықтықтан) медициналық қызметтер (консультациялар) көрсеткен уақытта:

  • • ұсынымдар (тағайындаулар), егер ол жүргізілген тексерулердің деректерімен (анамнез, талдаулардың нәтижелері, медициналық қорытындылар) расталса, мен ұсынған және маманның медициналық қорытындысы негізделетін жағдайда, маған ауру бойынша бұрын қойылған медициналық диагноз дұрыс немесе негізінен дұрыс деген болжамға негізделетін болады;
  • • маман маған бұрын қойылған медициналық диагнозға күмәндануға және қайталама немесе қосымша тексерулер тағайындауға құқылы;
  • • қайталама немесе қосымша тексерулердің нәтижелері бойынша маман маған тағайындалған емдеуді түзете алады немесе толығымен өзгерте алады, сондай-ақ егер маман диагноздың дұрыстығына сенімді болмаса немесе маған дұрыс диагноз қою мүмкін болмаса, қорытынды беруден бас тарта алады, соның салдарынан маған маманның бетпе-бет қабылдауы, соның ішінде, операциялық араласуды тағайындау туралы мәселені шешу үшін ұсыныстар берілуі мүмкін.

3. Мен электронды пошта жәшігі арқылы немесе басқа жолмен маманға берген талдау/зерттеу нәтижелері туралы ақпараттың шынайы және дұрыс екенін, сондай-ақ менде бар барлық ақпараттың бар екенін растаймын және мен оған жауаптымын.

4. Мен:

  • • маманның нұсқауларын (ұсынымдарын, тағайындауларын) сақтамау, жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгенінде ұсынылған онлайн қызметтің сапасын төмендетуі, оны мерзімінде аяқтау мүмкін еместігін немесе денсаулығымның жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін екендігінен;
  • • онлайн қызметтердің нәтижесіне, оның ішінде қашықтықтан қабылдау кезінде анықталған диагностикалық ақпараттың мүмкін болмауына, сондай-ақ маған ұсынылуы мүмкін бетпе-бет қабылдаумен салыстырғанда қашықтықтан қабылдау кезінде маманның мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты кепілдік берілмейтіндігі туралы ескертілдім.

Маманы қашықтықтан консультация беретін медициналық ұйым маған онлайн-сервис қызметін көрсетуден бас тартуға құқылы.

Тіркеу процесінде осы ақпараттық келісімнің шарттарын қабылдау менің тарапымнан осы құжатқа жазбаша түрде қол қою болып саналады.



Аурухана серіктестері