Бақриденов Карим Бақриденұлы
Мен Атырауда диагноз қоя алмаған соң арнайы осы Ауруханаға келдім. Өзімді 2013 жылы АКШ жасаған сүйікті дәрігерім Ермагамбет Муканович Қуатбаев осында жасайды екен. Келгенде қиналып келсем де оны көргенде бар қорқынышым сейіле бастады. Ол өзінің туғанындай қабылдап ақылын айтып,ақылы емделуге 2-Терапияға жолдады. Бөлімше бастығы Гүлбану Жақсыбаевна да керемет дәрігер екен,жан-жақты қарап, тексеріп, нақты диагноз қойды,ақыл-кеңесін беріп ақылы емге жатқызды.Сол күннен бастап өзі қадағалап, тездеп ем берді.Осы екі дәрігердің адамға деген дария көңілдері,ашық мінездері,науқасқа деген кең пейілдерін-мен еш жерден көрген емеспін. Жандарын салып ем жасаудың ең озық үлгісін мен осы дәрігерлерден көрдім. Уақыт оздырмай ота жасатты,одан соң да жаныма жиі келіп жағдайыды сұраумен болды.Емші дәрігерім Зарина Исмагулова да бір айналайын дәрігер екен, әр емді тәптіштеп түсіндіріп отырды.Осы үш ақ халатты абзал жандардың көмегі тиіп елге жазылып қайттым. Әлі де арасында телефонмен кеңес алып отырамын. Осындай жандарды жанына жинаған Аурухана директорына да мың Алғыс.Алғыс арқалап жүрген ос аталған үш дәрігеріме қандай мақтау, награда берсе де артық болмас еді.Атыраудың Құрметті Еңбек Ардагері- Карим Бақриденов.10.06.2022.