29.03.2021
Қурметті Валерий Васильевич!
Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды «22-Наурыз -Жаңа жыл» мерекесімен шын жүректен қүттықтаймын!
Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздерге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!
Менің мереке қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, бізді, кейінгі уақыттарда Сіз басшылық жасап отырған үжымда ұлттық- идеологиялық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жүмыс істейтін дәрігерлердің ауыруымызды сейілтіп науқастардың сауығып кетулеріне қолда бар мүмкіндіктерін толық және кіршіксіз атқарулары.
Мен мұндай мамандарыңыздың қатарына «Қалыпқа келтіру емі және оңалту Орталығының» төмендегі дәрігерлерін:
- Мәдинат Амантайқызы Жүнісова - Орталық жетекшісі,
- Гүлмира Амантайқызы Жакенова - Емдеу жетекшісі,
- Дүзельбаева Бақыткүл Темірбековна - Дәрігер - реабилитолог,
- Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаева - Инемен емдеу тобының жетекшісі,
- Қалиева Айжан Тоқанқызы - Эрготерапия мейірбикесі,
- Жансейіт Нұрбек- Гимнастика бойынша нүсқаушысы,
- Еркін Қарғин - Бассейндегі нүсқаушысы,
жатқызбақпын.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында мен ауырып «Иықтың басқа зақымдануы» диагнозымен, тағайындалған физикалық емдерді:
-жеке емдік дене шынықтыру,
-иық буынының белсенді-пассивті дамуы,
-иық белдеуінің бүлшық еттерін нығайту емдік шараларын қабылдадым.
Мен емделіп жүрген сәттерімде Орталықтың меңгерушісі Мәдинат Амантайқызы Жүнісованың жэне Емдеу жетекшісі Гүлмира Амантайқызы Жакенованың жалпы жағдайға түбегейлі көңіл аударып оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс-шараларына өте ризашылығ үмытылмас сезімдемін.
Мен әсіресе алғашқы сәттен бастап денсаулығымдағы проблемалық деталдарды зерттеп-саралап, емделуіме тұрақты түрде кеңес беріп отырған Дәрігер - реабилитолог Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаеваны ерекше қүрметпен атап өтемін!
Қадірлі Валерий Васильевич!
Бүгінгі мәні зор мереке үстінде Сізге жэне үжымыңызға бар жақсылықтар мен табыстар тілей отырып Сізден:
- Орталықтың меңгерушісі - Мәдинат Амантайқызы Жүнісоваға,
- Емдеу жетекшісі - Гүлмира Амантайқызы Жәкеновага,
-Дәрігер-реабилитолог - Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаевага, -Инемен емдеу жетекшісі - Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаевга, жэне дәрігер мамандары: Қалиева Айжан Тоқанқызына, Жансейіт Нүрбекке, Еркін Қарғинге
«Наурыз» мерекесі қарсаңында марапат жасалып, сыйақы беріліп және олардың еңбегі өзге мамандарга үлгі болуын сүраймын!
Қүрметпен,
«Қүрмет» орденінің иегері, зейнеткер
Өмірбай Абайдилдин