логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

26.02.2021

  26.02.2021

Өмірдің арашасы – дәрігер. Ал дәрігердің ықылысы мың дәрігерден артық. Келген сайын ыстық ықыласымен қарсы алатын жүрегі алтын, жүзі жарқын, адамдығы ерекше Мәдика Мейірімқызы Мұқатайға айтар алғысым шексіз. Ал Бәтия Сатбайқызы бүкіл медбикелердің ішіндегі нағыз алтыннан қымбат адам. Мендегі өтініш осы екі жанға келген сайын қабағы қатыққы жанның өзі күліп шығады. Бұл кісілерге емхана басшылығы марапатқа ұсынса деген ойым бар. Өйткені адамға жылу берген, ықылас  танытқан халыққа жақын докторм –  әлемдегі ең тамаша дәрігерден білемін. Құрметпен Әкім Ысқақ.

Мен Жұмаханова Құралай  осы емхананың гинеколог– дәрігері Алдаберген Гүлмира Сериковнаға  алғыс білдіремін.  Ол кісі, өз ісінің шебері. Анализге қарамай– ақ бәрін дұрыс айтып береді. Кейін анализ тапсырғаннан кейін айтқаны дәл солай болғанда өзің таң қаласын. Дәрігер – тек маман емес, жанның да емшісі десек, Гүлмира Серикқызы адам жанын да  бірден ұғып тұрады. Қолы да, сөзі де алтын осындай дәрігерлердің барына мың шүкір. Гүлмира Серикқызы сияқты өз ісінің маманы бар осы клиника басшылығы мен ұжымына сәттілік тілеймін. Еңбектерініздің жемісін көре беріңіздер! Ізгі ниетпен, Құралай Жұмаханова.

Алдын ала тексеру өте жақсы ұйымдастыру жағдайына қойыпсыздар, кезек күттірмей белгіленген тәртіппен өту ыңғайлы ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер де асықпай мұқият қарауға мүмкіндіктері бар. Қаралуға келген кісімен түсінісушілік ортады. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, еңбектері өрлей берсін, орындарыңыз төрлей берсін. Рахмет сіздерге!

Әбсаттаров Муталап


Аурухана серіктестері