логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

23.02.2021

  23.02.2021

Құрметті Валерий Васильевич

Сізге және Сіз басшылық жасап отырған ұжымға, әсіресе тіркеу бөлімінің мамандары Гүлшат Мукашева, Айсұлу Ақылжанова, Мөлдір Мақсұт, Әсем Нұрлыбаева, Алтынай Мәкішева, Карина Сертаеваларға және № 28 тіркеу кабинетінің мамандары Жанна Оспанова, Гүлмира Демеуова, Әлия Мұқашеваларға, сонымен қатар дәрігерлерді үйге шақыру қызметін жүзеге асыратын мейірбекелер Әйгерім Камиева, Әзиза Нугмановаларға өздеріне жүктелген міндеттерін жоғары сапалы деңгейде атқарып, медицина орталығына келушілерге сапалы қызмет көрсеткендері үшін өз ризашылығымды білдіремін.

Сіздердің ерен еңбектеріңізге, жақсы мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш- жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Біліктіліктеріңізді одан әрі шыңдап, биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен, Каримов Н.С.


Аурухана серіктестері