03.02.2021
Құрметті Валерий Васильевич!
Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды келе жатқан «Жаңа -2021 Жыл» мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздрге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!
Менің «Жаңа -2021 Жыл» мерекесі қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, кейінгі кездерде Сіз басшылық жасап отырған кәсіпорын қызметкерлерінің парасатты сезімімен, қызмет бабымен айналысатын жандардың назарына ерекше көңіл бөліп, олардың жағдайын және қиналысын түсініп, мәселелерінің жылдам да, спалы орындалуына белсене еңбек етіп жүрген дәрігерлердің көбейе бастауы. Бізді, кейінгі уақыттарда медицина саласында, оның ішінде Сіздің басшылық жасап отырған кәсіпорында ұлттық-идеологилық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жұмыс істейтін жас қазах дәрігерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады.
Мен мұндай қызметкерлеріңіздің қатарына, сіздің Кәсіпорыныңызға қарасты «Емдік дене шынықтыру» бөлімшесінің дәрігерлері:
- Мадинат Амантайқызы Жүнісова - орталық жетекшісі,
- Кулмира Амантайқызы Жакенова – үйлестіруші дәрігер,
- Жанат Шәріпқызы Қазыбаева – инемен емдеу дәрігері,
- Қалиева Айжан Тоқанқызы – эрготерапия мейірбикесі,
- Жансейіт Нұрбек - емдік дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты парасатты дәрігер мамандарыңызды жазбақпын.
Жоғарыдағы мамандар осы жұмыстың қыры – сырына жетік, өз еңбектерін еліміздің халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қызмет жасап, жұмысының негізгі мақсатын олардың сана сезіміне терең ұғындырып, « емделуші және дәрігер» ұғымына ұлттық кейіпте ерекшеліктер енгізіп, олқылықтарға жол бермеу жолында үлкен ізденіс үстіндегі мамандар екендігін аңғартты.
Мен емделіп жүрген сәттерімде, әсіресе бөлімше жетекшісі Мадинат Амантайқызы Жүнісованың менің денсаулығымдағы проблемалық деталдарды саралап, оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс – шараларына өте ризашылық сезімдемін.
Мен сөзім соңында, еліміздің медицина саласында саналы да сапалы қазақ азаматтары мен азаматшаларының көбейіп қалыптасып келе жатқанына қуаныш сезіміді білдіріп, Сіздерді алдағы келе жатқан «2021 Жаңа Жылдарыңызбен» құттықтап және еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мамандарыңыздың осындай алдағы келелі, жақсы жақсы ізденістерге талпынып тұрған сипатын бос жіберуге болмайтыныдығын және оны одан әрі жандандырып, өзге мамандарға үлгі болуы қажет деп санаймын!
Біреулердің өнегелі бір ісін,
Көре тұра көрмегендер құрысын!
Нең кетеді жақсы десең жақсыны,
Нең кетеді дұрыс десең дұрысты?!
(Қадыр Мырзалиев)
Құрметпен,
«Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер Өмірбай Әбәйділдин